ЭКСКЛЮЗИВ: «14 жастағы қызды топтасып зорлап, ес-түссіз күйде үйіне әкеліп тастаған»

preview_player
Показать описание
---------------------------------------------

Бүгінгі шығарылымда:
Жамбыл облысында 14 жастағы қызымды жігіттер топтасып зорлады деген ана әділдік іздейді. Айгүл Қонқашева сұмдық жағдайдың болғанына екі апта өтсе де күдіктілердің ешқайсысы қамалмағанына қапалы. Осылайша іс жылы жабыла ма деген ана жыларман күйге түскен. Айтуынша сегізінші сыныптағы қызға айуандық жасағандар естен тандыратын белгісіз зат беріп, жыныстық қатынасқа түскен. Жарты ай өтсе де күдіктілер неге анықталмаған? Қорланған жасөспірімнің қазіргі жағдайы қалай? Құзырлы органдар не дейді? Әріптесім Нұрадин Рақай тараптарға микрофон ұсынған еді.
Қорланған қыз, арланған ана көлденең кісі көзіне көрінуден қалғалы қашан?! Қаралай қара бет болдым деген ана бүгін беттің арын белге түйіп бар шындықты айтпасқа болмады дейді. Өйткені сорақы жайт таяқ болып тимес үшін тиісті органдар істі бұрмалауға бет алды деп айыптайды. Ал болған жайды баяндауға ауыз бармайды. Түн ортасында қызының төсегінде жоқ екенін байқаған анасы, шарық ұрып іздейді. Бірақ ақыры байланыса алмайды. Таңды көзбен атырып көшеге шыққанда, ауладағы мына орындықта қызының сүлесоқ жатқанын аңғарған.
Қимылсыз қызын құшақтай ауруханаға жеткізеді. Тілсіз қалған оқушыны тексерген мамандар сараптама тағайындайды.
Айгүл Қонқашева сол түні қызымды таныс жігіті үйден шығуға көндірген деп отыр. Кейін көлікте тағы үш жігіт болған дейді. Айтуынша, жас шамалары 17, 18, 20, 25-тегі жігіттер 8 сынып оқушысына ойына келгенін істеп, таң сәріде ес-түссіз күйде есік алдына әкеліп тастаған.
АЙГҮЛ ҚОНҚАШОВА, Оқушы қыздың анасы:
– Қызым есін білмейді. Бүйтсем вообще өлген адам сияқты. Мас адамның буын буыны істемейді ғой. Тура сондай. Ішімдіктен бұрын, синтетический бағана айтқандай мочадан шықты. Нарколог бәріне анализ өткіздік сол күні. Бұл жерде топтасып зорлау болып тұр ғой.
Қыздың туыстары күдіктілердің бостандықта жүргенін айтады. Ал полиция тек сараптамадан соң ғана шешім қабылдаймыз деп шығарып салған көрінеді.
АЙБАРШЫН ШАЛОВА, Оқушы қыздың апасы:
– Мен сендердің тергеушілеріңе қанағаттанбаймын балалар. Бұл не деген сұмдық. Кәмелетке толмаған қыз осылай болып жатыр. Өздері алып кетті, зорлады, әкеліп тастады. Енді не қамалмайды дегенім де маған сол Ержан айтты, апа қамалғанда сізге не пайда деп, қолын бүйтіп тұрып айтты сол бала.
Ал бар өкпесін айтқан жәбірленушінің туыстары прокуратурадан тергеушілердің дөрекілігі, бала құқығын қорғау бойынша комиссияның келмеуі, істің созбаққа салыну себебін сұрады.
БІРЛІК ІЗБАСАРОВ, Қордай ауданының прокуроры:
– Сол күні аудандық полиция бөлімімен іс қозғалған. Қылмыстық кодекстің 122 -бабы, бірінші бөлімімен. Қазір іс бойынша сот сараптамалар тағайындалған. Жәбірленуші айтып отырған барлық сұрақтар, уәждері ескерусіз қалмайды. Оған мен прокурор ретінде назарға алатын боламын.
Созбаққа салынған сараптама келмей қанша жігіттің оқушы қызға озбырлық жасағанын білмейміз дейді. Ал қарғадай қыздың анасы бұл істің өгіз аяңға салынуының сыры жыныстық қатынасқа түсті деген жігіттердің санын азайту деп түсінеді.

---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:

#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық
Рекомендации по теме
Комментарии
Автор

Өлім жазасын енгізу керек!!! Тек ату жазасы ғана тоқтата алады, Депутаттар заңды қатайтыңыздар!!!

Бетельгейзе-ир
Автор

Обал болған екен. Күдіктілер барлығы ұсталып, сотталып, тиісті жазасын алсын. Кострация жазасын енгізу керек...

aks
Автор

Букил ел шыгамыз.Зорлагандар жазалансын.Онбагандар карындастарын бар.Омир алма кезек 😮

ЗауреАбдиганиева-рф
Автор

Өлім жазасын беру керек адамдар көздеріңді ашыңдар талап етейік!

ИлияДжаулибаева
Автор

Көреміз бағдарламасына бару керек Руслан Өтепбайға

swatextreme
Автор

пусть не останавливаются, пусть накажут этих подонков, что творится, это же звери

ОльгаЕсенова-бл
Автор

Наказать по всей строгости закона!
Остановить беспредел, иначе еще жертву найдут, чувствуя свою безнаказанность.
Стыд и позор их родителям, какое у них воспитание!?
Иметь наглость прикоснуться к беззащитной девушке.

ЛилияКолабаева
Автор

Бул жыгыттерды, тасағын кесіп аламыз, жай қалдырмаимын, өлесыңдер аиуандар

НұргүлҚалибек
Автор

Басты қатырмай Көремізге барыңыз барлығы тиісті жазасын алады.

РаяАкмолдаева
Автор

Бәріңізде бала бар бірақ ұлдарыңыздың болашағын оиласаңыздар бір жерлерін тиыңыздар.
Қалай наркотик беріп не өлі емес не тірі емес жас қызды осылаиша қорлауға болады ...
Ертең осы үшін ата анасы баласы баласының баласы оның баласы алла тағаланың алдында жауап береді.

Бұл дерт ауру ал ауруларды тек емдеп емге келмесе көзін кұрту керек.
Басқа амал жоқ !!!

Ұят ай

qazaq
Автор

Шетелде мысалы АҚШ-та заң қаты заң бар зорлаған устыне наркотик үшін ауыр жаза..

erikkosmagan
Автор

Аллам озы жар болсын! Ал корлык корсеткендер Зан алдында да Алла алдындада жауап бересын

ДинараАдилбек-ыэ
Автор

Ешектерды жедел турде катан жазага тарту керек алдап апарган ешекты де катан жаза беруын сураимын

МадинаМалина-ьп
Автор

Қызды қырық үйден тыию деген бар қазақта.Түнде неге шығады, Апа?Жігіттерде оңбаған өздерінің қарындастары бар ғой.

Balzhan-smht
Автор

Азгындык басталды деген осы. Сол хайуандардың келешегі жок. Өмір баки өздеріне дак болды өздерінің кыздарын кейін отбасы болганда өздерінің кыздарын зорлаудан тайынбайды буларды шетйнен ату керек. Өздерінің карындасы өз баурларынан сак болсын ондай хайуандық істер теген бала бар жамандыкка барады. Шетінен жазага тартылмаса баскаларын осылай зорлаап журе береді аке шешелері бар ма екен хайуандардың.

Аллағашүкір-юю
Автор

Негізі ата аналар ұяттарың болса ұлдарыңды істеген қылмысы бойынша жазасын алсын.

Айгуль-гс
Автор

Қалай ел боламыз осындай жағдайлардан кейін!

МайсаМайса-мт
Автор

Туу Аллам ай букил омирин куртты гой. Ату жазасын берсин.

АжараТунгатаровнаМырзаканова
Автор

Коремиз багдарламасына барсыншы. Жабылып кетпесинши.

АжараТунгатаровнаМырзаканова
Автор

Осы қазақтың еркектеріне не болған. Осы шешендерге, таулықтарға қарасаңдаршы, солардың жігіттері өз ұлтының қыздарына саусағын ұшын да тигізбейді. Біздің ұлтта тәрбие кем. Түк ұлттық тәрбие жоқ. Осы қазақтар не үшін орысша сөйлейді? Ана тілінде сөйлесе мына полицейдің тілі күрмеліп қалады ма? Ана тілімізді қасиеттеп, иманымызды дұрыстап, тәрбиені түземесек болмайды.

rakhilanaraliyeva