'Ауылым' - Ғаламат Бейсеқожа.

preview_player
Показать описание
Қымбатты менің тыңдармандарым,
Бүгін мен Сіздерге өзімнің "Ауылым" атты әнімді ұсынып отырмын. Өзім әнші емеспін, алайда әнімді Сіздерге жеткізу үшін айтуға жөн көрдім. Әнімді шырқайм деушілерге әннің сөзі астында.

Уважаемые мои слушатели,
Сегодня я представляю вам мою песню "Ауылым". Я сам не певец, но чтобы донести ее до Вас, решил спеть эту песню лично. Слова песни ниже текста.

Сөздің авторы- Нұрсұлтан Сүнәділла.
Автор слов - Нурсултан Сунадилла.

1.Әрбір қазақ өзіме,
Жалғыз болған бауырым.
Сағындырып көзіме,
Сағым болған ауылым.

Ақ боз аттар шабысқан,
Түннен таңды атырған.
Қонақ келсе алыстан,
Сар қымызын сапырған,
Қайран қазақ данышпан.

қ/сы:
Тау мен тасың сыр -сымбат,
Жырға қосқан өлеңім.
Топырағың тым қымбат,
Иісі сіңген көненің.
Бабаларды мың толғап,
Есіме алдым өнерін,
Көне сағым, мұң,
Ауылымды сағындым...

2.Тулап жүрек аңсаған,
Аян қымбат екенің,
Арналады əн саған,
Оттан ыстық мекенім.

Салт-дəстүрің нанымды,
Астары мол терең ей,
Жүрек жасқа малынды,
Теңіздей боп телегей,
Сағынышқа салынды.

3.Жүрегіме жыр енген,
Шабытымның арқауы.
Күн мен көкке тірелген,
Ауылымның бар тауы.

Сағындырған мені кеп,
Ауылымның несі кем.
Нұрға тұнған төңірек,
Атамекен несібем,
Жырлап өтем көбірек.
Рекомендации по теме
Комментарии
Автор

Рахмет көп, Ғаламат Нұрәлі! Керемет сөздері мен әуені. Сөздері жүректі тебірентеді - Топырағың тым қымбат...Оттан ыстық мекенім... Әрбір адамға туған жері өте қымбат, ол мәңгілік жүректе қалады ғой... Рахмет айналайындар, бақытты болыңдар!

saulek.
Автор

Какие же у нас талантливые дети, ГОРДОСТЬ КАЗАХСТАНА

СлушашДжанпеисова
Автор

Керемет орындау, шығармашылығын ойға салды.

Kunimai-vf
Автор

Галамат десе галаматсын, сiздердiн онерiнiзге тамсанып нар аламын.

solitonm
Автор

Душевное исполнение. Спасибо. Еще бы перевод.

МарияКорнеева-сп
Автор

Жаксы əн Биязы дауыс Тамашаааа!!!👍👍👍👍👍👍

ШАКЕНТОКЕНОВНА
Автор

Жақсы ән, әуен, орындау. Өзің Нурғисаға да ұқсайсың! Ақ болсын!

steamonline
Автор

Құтты болсын.Туындылар көбейсін айналайын.Қанатың талмасын!

ЖандарбекКарабасов-гу
Автор

Есть запись последнего выступления на шоу талантов???

ruslanzubairov