Ақтауда балалар Абайдың суретін салудың ерекше тәсілін үйреніп жатыр

preview_player
Показать описание
Ақтаулық жеткіншектер Абай Құнанбаевтың суретін қағазға салудың ерекше тәсілін үйреніп жатыр. Бастама авторы - көркемөнер пәнінің мұғалімі Досат Дәрібекұлы. №21 жалпы білім беру мектебінің оқушылары жас ұстаздың әр сабағын асыға күтеді. Олар ағайымен бірге қимылдап, алдымен ұлы ақын суретінің трафарет түріндегі нұсқасын әзірлеп алады. Дайын болған соң үстіне шағын баллондарға құйылған бояуларды шашып шығады. Жыл басынан бері оқушылардың бірнеше еңбектері байқауларда жүлделі орынға ие болған.

Рекомендации по теме