Ғазизхан Шекербеков - Құстар әні

preview_player
Показать описание
Подписывайтесь на наш YouTube канал:

Жмите на 🔔 и не пропускайте новинки!

Gazizkhan Music:

Соц. сети артиста:

Все права защищены. © Gazizkhan Music
Рекомендации по теме
Комментарии
Автор

"Құстар қайтып барады" әнінің шығу тарихы

1965 жылы сол кезде Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткері деген атағы бар ұлы сазгер Нұрғиса Тілендиев Қазақфильм киностудиясында музыкалық бағдарламалардың бас редакторы қызметін атқарған екен. Бірде жұмыстан шығып, көңілсіз күйде үйіне қарай бара жатқан. Бәлкім, жұмыста бір дүниеге көңілі толмаса керек. Алматыдағы 28 гвардияшыл-панфиловшы саябағына келіп, орындыққа отырып, айналасына қарай бастайды. Кенет көзіне ұшып жүріп, ағашқа келіп қонған тырна түседі.
Жаңа қонған тырнаға ағашта отырған өзге құстар, оның ішінде қарғалар тыныштық бермейді. Қайта-қайта келіп, шоқып, мазасын алады. Құстардың бұл әрекетін көрген сазгер "Адам мен құстың өмірі қандай ұқсас" деген ойға келеді. "Жер бетінде адам баласы бір-біріне сұстана қарап, қызыл сөзге жол біріп, бір-бірін көре алмай, қудалап жатады. Бұл әрекет құстардың да өмірінде бар екен-ау. Тырнаны қарғалар отырғызбай қойды. Мен болсам, көзге жас алып, үйге қарай беттедім" деп үйге келген бойда саябақтағы жағдайды жары Дариға Тілендікелініне айтып береді. Саябақтағы оқиға сазгер жүрегінде қалып, көңіліне тигені соншалықты, ол "Құстар қайтып барады" әнін дүниеге әкеледі.
Кейін Тілендиев Тұманбай Молдағалиевті шақырып алып, әннің шығуына ықпал еткен жағдайды баяндап, көңілі босағанын айтып береді. Ақын композиторды мұқият тыңдап, ән мәтінін жазуға бел буады. Осылай "Құстар қайтып барады" әні халық назарына ұсынылған.
Бұл әннің алғашқы орындаушысы - Қазақстанның халық әртісі Роза Жаманова. Кейін қос дауыста сол кезде өнерге енді ғана қадам басқан Бақыт Әшімова мен Шолпан Тоқсанова деген жас әншілер шырқады. Осы ән арқасында жас әншілердің есімдері кеңінен таралды. Ән танымалдылыққа ие болып, "Құстар әні", "Бара жатыр құс қайтып", "Құстар қайтып бара жатыр" деген атауларға ие болды.
"Құстар қайтып барады" әнін Қазақстанның халық әртістері Майгүл Қазтұрғанова, Ермек Серкебаев, Нұрғали Нүсіпжанов сияқты саз өнерінің майталмандары шырқады. Нұрғиса Тілендиев көзі тірісінде өз концерттерінің барлығын осы әнмен аяқтайды екен. Өзі шығарған туындылардың ішінен бұл әнді жанына жақын тартып, ерекше санаған.
Композитор қайтпас сапарға аттанар сәтінде "Мені "Құстар қайтып барады" әнімен шығарып салыңдар" деп аманат еткен екен.
Тұманбай Молдағалиев өмірлік серігі, жары Күлтай Қасымовамен үш қыз, бір ұл тәрбиелеген. Ақын 2011 жылы 10 қазанда көз жұмды.

БакеСакенович
Автор

Жаз өмірін, мәз өмірін қысқартып
Бара жатыр, бара жатыр құс қайтып
Зымырлайды менің бала кезімдей
Бір жалт етіп өте шыққан, өте шыққан сезімдей

Құстар, құстар сызылып ән салады
Сол әнімен тербетеді даланы
Ал, адамдар күліп бастап өмірін
Кетерінде жылай да алмай, жылай да алмай қалады

Біздің жаққа бауыр басып кеткен бе
Тамаша әнмен келіп еді көктемде
Өскен жерге сыймай кетіп барады
Өскен жерін қимай кетіп, қимай кетіп барады

zhazirasmailova
Автор

Анам марқұм керемет айтушы еді. Осы әнді тыңдап анама деген орны толмас сағынышымды басамын.

ЖанбикеТемирбулатова-фх
Автор

Жас кезде осы әндерге аса мән бермеуші едім, қазір тыңдасам көзіме ылғи жас келеді

kihermalen
Автор

Ғазизханға, зор денсаулық творчестволық табыс тілеймін.

РысжанМырзабайкызы
Автор

Эхх, калай өсіп кеткенімді байқамайда қалдым ғой, кезінде әжем марқұм шыркатып айтушы еді мейрам болғанда. Стол астында жүгіріп жүруші едім. 😢

avasoruziusaglamentoros
Автор

Недеген ән керемет қой, Нұрғиса Тілендиев атамыз жаны жұмақта болсын.😢😢😢😢

НурболБекетов
Автор

Ғазизхан мықты орындадың, жанды дауыспен

Ютуб-кс
Автор

Казактын улкен таланты. Озындык еш кымге уксамайтын дауысы, озгеше андеры озыне билдирмейгана баурайды. Алга! Сен суперсын!

tzoncru
Автор

Бүгін жұма, сол марқұмдарға дұға тілеп қояйық👏🏻👏🏻👏🏻

Baabekov
Автор

Ғазизханға мың алғыс! Қазақтың жақсы Азаматтарының бірі. Шығармашылық табыс, еңбегіне жеміс тілеймін 👏

gegdxts
Автор

Осы анге сынып жетекшимиз билеткен 8 сыныпта. Эх кайран кундер. Еркек адам болатын. Жаны жанатта болсын. Сол кезде уялып билегимиз келмейтин, бирак агайымызды сыйлагандыктан биледик, конилин тусирмейк деп. Эх, кайран кундер. Кайтып оралмайтыны окиништи. Керемет ан.

Ардакты биздин жигиттер, мерекелериниз кутты болсын, денсаулыктарыныз мыкты болсын. Казактын мыкты, сыйлы азаматтары болып журе бериниздер

bkwikwk
Автор

Браво, осы әншіні қатты мен қадір тұтамын!😍👍✨️

moldirerik
Автор

Әкемнің сүйікті әні еді, марқұмның😢😭😭😭😭😭💙💚🤍🖤🤎

S-Almaty
Автор

Сіздің әндеріңіздің барлығы ұнайды. ❤
Өнеріңіз өрге жүзіп, биік шыңдарды бағындыруыңызға тілектеспін!
Мәнді, мағыналы, құлаққа жағымды, әсерлі әндеріңіз көөөөөп болсын!!!

ГүлнұрУтепова-юр
Автор

Жылап алдым😢😢😢 Әкешім 😢😢😢 Көңілді бұзылып, жүрек жылайды.

moldiralimzhanova
Автор

Көңілді аулаған ән болды, айналайын.
Көп жаса!

seitkassymaouelbekov
Автор

Керемет ән, осы өлеңды естісем өмірден өткен жақындарым есіме түседі❤️)

СаяАлиханова
Автор

Жаксы өлең, бырак каттырак айту керек, тэбирды көтер үктап калажаздадым

ЖанатАекешова-пт
Автор

Рахмет балам жақсы орындау болды, , баламды сағынып отыр едім бір жылап алдым

nurnurk