Өте жұмсақ бөлкелер. булочки с начинкой. қазақша рецепт. ass_tagam

preview_player
Показать описание
Баршаңызға Қайырлы күн!

Бүгін Өте Жұмсақ Бөлкелер рецептімен бөлісемін!

Қамыры үшін:
Жылы сүт-250гр
Ашытқы-1ш.қ
Жұмыртқа-2дана
Қант-100гр
Сары май-100гр
Ұн-400гр

Салмасы үшін:
Жемістер тосабы

Алдымен жылы сүтке ашытқы салып, 15минутқа қоямыз.

15мин соң жұмыртқа, қант, сары майды салып араластырамыз.

Артынан ұнды үш бөліп салып, жұмсақ қамыр әзірлейміз.

1сағатқа тындырамыз.

Қамырымыз жақсылап көтерілген соң, бөліктерге бөлеміз.
(Мен 80-90гр 16бөлікке бөлдім)

Жайып салмасын саламыз, екі шетін кесіп айқастырамыз.

Бетіне жұмыртқа жағып, 180°С-та 30минут пісіреміз.

Бетіне қант ұнтағын сеуіп дастарханға ұсынамыз.
Ас болсын!
Рекомендации по теме