Абай облысында тағы бір Қазақ-Қытай арасын жалғайтын теміржолдың «тұсауы» кесілер күн жақын

preview_player
Показать описание
---------------------------------------------
Абай облысында тағы бір Қазақ-Қытай арасын жалғайтын теміржолдың «тұсауы» кесілер күн жақын. 270 шақырымды құрайтын «Бақты-Аягөз» шойын жол құрылысы 2027 жылы аяқталады деп жоспарланған. Бұл туралы бүгін облыс әкімі орталық коммуникациялар қызметінде мәлім етті. Нұрлан Ұранхаев атқарылған істердің алғашқы нәтижелерімен, алдағы ауқымды жобалардың жаңалығын жариялады.
Тоғыз айда тындырған тірлік пен жоспарлардың жүзеге асу барысын баяндайтын әкімдердің елордадағы дәстүрлі брифингін биыл Нұрлан Ұранхаев бастады. Жас облыста айтылар мәселе де, атқарылар маңызды істер де көп. Қайта қан жүгірген салалар бойынша Абай облысында құрылыс, өнеркәсіп, ішкі сауда, ауыл шаруашылығы және инвестиция тарту көш бастап тұр.
НҰРЛАН ҰРАНХАЕВ, Абай облысының әкімі:
- Болжамды деректер бойынша жыл аяғына дейін оң динамика сақталады деп күтілуде. Орташа айлық жалақы 2 тоқсан қорытындысы бойынша 12,3 пайызға өсіп, 340 мың теңгені құрады. 1 қазандағы жағдай бойынша мемлекеттік бюджетке 294,9 млрд теңге салық пен басқа да міндетті төлемдер түсті.
Ширек ғасыр тұралап қалған өңір инфрақұрылымының өңі кірмей іс өнбейді. Бұл ретте облыс әкімі тозғанды жамап-жасқаумен жанталасып жатқанын жасырмады. Дегенмен әлеуметтік қорғау, денсаулық, білім, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы сияқты салаларға бюджеттен бөлінер қаржы көлемі көбейген. Ел қазынасынан бөлек инвестиция арқылы іске асқан ірі жобаларды да әкім тілге тиек етті.
НҰРЛАН ҰРАНХАЕВ, Абай облысының әкімі:
- Әкімдік қаулысымен теміржол құрылысына қажетті мемлекеттік жерлер резервке алынып, теміржол желісін салуға қажетті жеке жер учаскелерін сату мен қайта рәсімдеуге мораторий қойылды. Жобаны іске асыру Қытай мен екіжақты тасымал көлемін жылыны 20 млн тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Баспасөз конференциясында көптің көптен күткен сүйінші жаңалығы да сөз болды. Жуырда ғана Семейдің сәнін кіргізер бас жоспардың екі жыл сараланған соңғы үлгісін үкімет бекітіп берді. Бұл цифрлы форматтағы алғашқы бас жоспар болып отыр. Соған сай облыс орталығында төрт жолақты жаңа көпір салу жобасы іске асуда.
----------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:

#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық
Рекомендации по теме