filmov
tv
Елімізде 140-қа жуық адамға жаңа жүрек керек

Показать описание
Елімізде 140-қа жуық адамға жаңа жүрек керек! Бірақ отандық дәрігерлер жылдап донор күтпей-ақ, адам өмірін аман алып қалудың баламасын біледі. Юрий Пя бастаған кардиохирург дәрігерлер жүректің сол жақ қарыншасына көмекші құрылғы орнатуды ұсынып отыр. Бұл жаңа тәсіл емес. Елімізде мұндай имплантация алғаш рет 10 жыл бұрын жасалған. Бүгінге дейін жүрек жеткіліксізідігі анықталған 500 науқасқа осындай құрылғы орнатылған. «Әлем бойынша 5 елде клиникалық зерттеуден өткен бұл құрылғы 10 жылда өз тиімділігін көрсетті»,— дейді мамандар. Кезінде төсек тартып қалған науқастардың қазір өмір сапасы жақсарған. Ең бастысы, әр науқасқа 60 млн-нан астам қаражат кететін операция Қазақстанда тегін жасалады. Жүрек трансплантациясына балама болатын ота Астана, Алматы, Тараз және Шымкент қалаларының ірі кардиохирургиялық орталықтарында жасалады.
АРНАМЫЗДЫҢ ҮЗДІК ЖОБАЛАРЫ / ТОПОВЫЕ ПРОЕКТЫ КАНАЛА:
###
БІЗДІҢ ПАРАҚШАЛАРҒА ЖАЗЫЛЫҢЫЗ:
АРНАМЫЗДЫҢ ҮЗДІК ЖОБАЛАРЫ / ТОПОВЫЕ ПРОЕКТЫ КАНАЛА:
###
БІЗДІҢ ПАРАҚШАЛАРҒА ЖАЗЫЛЫҢЫЗ: