Ұлттық «WorldSkills Kazakhstan – 2021» чемпионатының ашылуы

preview_player
Показать описание
Біздің колледж базасында «WorldSkills Kazakhstan – 2021» Республикалық чемпионаты аясында «Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша Ұлттық чемпионат өтті.
Чемпионатқа Республиканың барлық облыстарынан 14 команда келді.
Байқау алаңында қатысушыларға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетовтің бейнеүндеуі көрсетілді.
Аталған іс-шараға Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Нүкенов Абзал Нүкенұлы қатысты. Ол қатысушыларды құттықтап, өзінің сөзінде білікті кадрларды даярлауда, жұмысшы мамандықтарының беделін және студенттердің кәсіби шеберлік дағдыларын арттыруда осындай жарыстың маңыздылығын атап өтті. Қатысушыларға сәттілік және тапсырмаларды орындауда табыс тіледі.
Қарағанды технология және сервис колледжі «Жас маман» жобасының қатысушысы болып табылады, оның аясында заманауи жабдықтармен жабдықталған «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы бойынша құзыреттер орталығы жұмыс істейді. Орталықтың ресурстары оқу процесінде, демонстрациялық емтихандарды өткізу үшін және WSK-ға дайындық кезінде қолданылады.
Чемпионатта колледж атынан М9-19 тобының студенті Вечканова Виктория Владимировна, к/о шеберінің тәлімгері Жумина Гульнара Кабилдаевна қатысты.
#КГУККТиС #WorldSkillsKazakhstan2021
Рекомендации по теме
Комментарии
Автор

Заманауи тігін құралдарын жетік меңгерген ұстаздарыңыз бен шәкірттеріңз биікте болсын

КультайКакимова