Физикалық және химиялық өзгерістер

preview_player
Показать описание
Физикалық және химиялық өзгерістер.
Суық өлке, шөл, және орман.
Физикалық өзгерісте заттың сыртқы түрі не пішіні өзгереді, бірақ сол зат қалады.
Мұз ерігенде суға айналады.
Су буланғанда су буына айналады.
Мұз, су, және су буы.
Барлық түзілген өнімдер — бәрібір судың күйлері.
Демек, бұл — физикалық өзгеріс.
Тәрелке.
Мына сынықтар бәрібір тәрелкенің бөлшектері.
Демек, бұл — физикалық өзгеріс.
Ағаш жанғанда, химиялық реакция жүреді.
Жаңа зат түзіледі.
Бұл — химиялық өзгеріс.
Мұнда зат өзгереді.
Мына машинаға қараңдар.
Уақыт өте, химиялық реакциялар нәтижесінде тат пайда болды.
Бұл — химиялық өзгеріс.
Сіріңкені жаққанда, жану реакциясы жүреді.
Бұл — химиялық өзгеріс.

Қазақшалаған «Физика және Ғарыш» / «Ғылыми мультиктер» жобасы
Дыбыстаған Айша Бахыт
Рекомендации по теме