📚1-ші сыныпқа қабылдау📚

preview_player
Показать описание
📢Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары.📢
Мектептегі оқушылық өмірінің басталуы бала мен оның ата-анасы үшін өте маңызды және қызықты оқиға екені сөзсіз. Мектеп балаларға негізгі білім береді, олардың әлеуметтік дағдыларын дамытады және көптеген жылдар бойы екінші үйі десе болғандай.
Мектептер бірінші сыныпқа балаларды алты жастан және 2024 жылдың соңына дейін алты жасқа толатын балаларды қабылдайды. Мектептерге қызмет көрсету аумағы бекітілген. Мектеп қабылдау кезінде дайындық деңгейіне қарамастан, қызмет көрсету аумағында тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі
- порталға:
1️⃣ "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес нысан бойынша ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің өтініші;
2️⃣ "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген "Профилактикалық екпелер картасы" № 065/у нысанды және "Бала денсаулығының паспорты" № 052-2/у нысанды медициналық анықтамалар;
3️⃣ баланың 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуретi.
4️⃣ ПМПК қорытындысы
Сонымен қатар, педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы (ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған)
🏫Karaganda, Казахстанская 40, Karaganda, Kazakhstan
☎️+7 7212 41 85 71
Рекомендации по теме