Қазақстандық эстрада жұлдыздары Атырауда

preview_player
Показать описание
Қазақстандық эстрада жұлдыздары Атырау тұрғындарынеліміздің ең ірі салық төлеушісі «Теңізшевройлдың» мерейтойымен құттықтады.

2023 жылдың 6 сәуірінде Теңізшевройл қауіпсіз және үзіліссіз қызметінің 30 жылдығын атап өтті. Ораза ұстаушыларға құрметпен қарап, мерекелік шаралар сәуір айының соңына шегерілді.

Атырау қаласы.
Концертке қатысушылар: Музыкалық Жас көрермен театрының әртістері, халықаралық музыкалық байқаулардың лауреаттары Алтынбек Сүндет, Рухия Байдукенова, Еркеш Хасен, Қазыбек Құрайыш, Ернар Садырбаев (Әмре), “Заман” тобы, Yenlik, Илхан Ихсанов, Ayree, Qanay, Qarakesek, және "Ninety One" тобы.

Еске сала кетсек, соңғы үш онжылдықта ТШО Қазақстан экономикасына 176 миллиард АҚШ долларынан астам қаржылық төлемдер жасады, оның ішінде 43 миллиард АҚШ долларынан астамы жергілікті тауарлар мен қызметтерге жұмсалған. Қазір ТШО-ның негізгі өндірісінде лауазым иелерінің 95%-ын Қазақстан азаматтары құрайды.

ТШО құрылғаннан күннен бері Атырау облысындағы мектептер, ауруханалар, мәдениет үйлері, балабақшалар және басқа да қоғамдық нысандар сияқты 100-ден астам әлеуметтік инфрақұрылымдық жобаларға 2,7 миллиард АҚШ долларынан астам инвестиция салды. Сондай-ақ ТШО облыс тұрғындары үшін денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік кәсіпкерліктің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған әлеуметтік инвестициялық бағдарлама аясында 120-дан астам әлеуметтік жобаға қолдау көрсетті.
Рекомендации по теме
join shbcf.ru