Муфаса: Арыстан Патша | Ресми соңғы дубляждалған трейлер | Қазақша фильм 2024

preview_player
Показать описание
«Муфаса: Арыстан патша» фильмінің ресми соңғы дубляждалған трейлері

Хэштег: #Муфаса #АрыстанПатша
Жанр: шытырман оқиға
Режиссер: Барри Дженкинс
Продюсерлер: Адель Романски и Марк Церьяк
Атқарушы продюсер: Питер М. Тобьянсен
Жаңа әндер: Лин-Мануэль Миранда

«Муфаса: Арыстан патша» фильмінде Прайд жерлерінің сүйікті патшасының шығу тегі мен қиын сапары көрсетіледі. Рафикидің Симба мен Наланың абданы Киараға айтып берген аңызына сүйене отырып баяндалатын хикая желісі бойынша, Муфаса атты жетім абдан Така есімді патша мұрагерінің жанашырлығы мен қолдауын тауып, екеуі қауіпті жауға қарсы бірге шығады. Тағдырларын өзгерткен бұл саяхатта олардың достығы нағыз сынға түседі. Көрермендер Тимон мен Пумбаны және олардың өз стиліндегі әйгілі әзілдерін де қайта тамашалай алады.

Фильмнің түпнұсқа дубляжында нағыз әйгілі актерлер ойнады: Доналд Гловер Симбаның рөліне, Билли Айкнер мен Сет Роген – Тимон мен Пумба рөлдеріне оралды. Мадс Миккелсон Киросты, Бейонсе Ноулз-Картер Наланы қайта сомдады, ал Блу Айви Картер – жасөспірім Киараны дыбыстады. Сондай-ақ ағылшын тіліндегі дубляжға Аарон Пьер, Келвин Харрисон кішісі, Джон Кани, Тиффани Бун, Кагисо Ледига, Престон Найман, Тандиве Ньютон, Ленни Джеймс, Аника Нони Роуз, Кит Дэвид, Брелин Ранкинс, Тео Сомолу, Фолаке Оловофойеку, Джоанна Джонс, Тусо Мбеду, Шила Атим, Абдул Салис және Доминик Дженнингсюндар қатысқан.

«Муфаса: Арыстан патша» фильмінің түпнұсқа әндерінің авторы – көптеген марапатқа ие болған және Disney-дің «Моана» мен «Энканто» анимациялық фильмдеріне ән жазған Лин-Мануэль Миранда.

Disney-дің "Муфаса: Арыстан патша" атты жаңа шытырман оқиғалы фильмі Қазақстан кинотеатрларында 2024 жылғы 20 желтоқсанда қазақ және орыс тілдерінде шығады.

#Муфаса #АрыстанПатша #Disney #ЖаңаТрейлер2024 #НеКөругеБолады #ҚазақшаФильм #ҚазақшаМультфильмдер #ЖақындаКинода #ДиснейФильмдері #QazaqshaSoile
Рекомендации по теме
Комментарии
Автор

👍👍 өте керемет ! Жасай берсін қазақ дубляжы осыны аударған қыздар жігіттер сіздерге мың алғыс 🙏🙏💐💐💐💐💐💐

АлмасЫнтыкбаев
Автор

А айтпақшы, дубляж жақсы, жалпы қазақ дыбыстамасына ешқашан шағым айтқан емеспін, мың жерден келсе де, өзіміздің дыбыстамаларды есту, бір ғанибет. Жасай беріңіздер ❤

jansultan
Автор

Ақырындап құлақ үйреніп келеді қазақи дубляжға

uakovec
Автор

Әңгіме тілде емес, әңгіме дауыста.Дауыс жағымды болса, және аударма тым әдеби болмаса міне сонда жақсы дублиаж болады.Және біздегі қатаң әріптерді жұмсақ айта білу керек кәдімгі өзіміз сөйлесеміз ғой сол секілді.

QazaqadamQazaqov
Автор

Барлық Голливуд киноларын қазақша дубляжбен шығарсаңдар керемет болушы еді! Бірақ дауыстары терең болса жақсы болушы еді

chingissagatbekov
Автор

Керемет енді локализация жасауға көшсе жақсы болатын еді

Qazaq_coins
Автор

Ертен осыны қазақша толық кинотетрдан көрем❤🎉

AidanaKabidollaeva
Автор

Күшті шығыпты бірақ бір сұрақ неге осы фильм арыстан патшада симбадан кейін шығып жатыр киносы?

MIRASZVER
Автор

Сюжеті түсініксіз, Симбада - Симба мен Муфасаның диалогында: "біздің арғы аталарымыз патша болған, біздің әулет патша етін" - деп айтатын, ал мына жерде, қарадан - ханға айналуы туралы бола ма сонда? Өз-өздеріне қарсы шығып тұрған сияқты, сценарийсттер...

jansultan
Автор

Аудармасы ақсаңдап тұр
Қазақша дұрыс аудармашы табылмағаны ма?

qoysary
Автор

Айып етпеңдер артық айтсам
Бірақ дубляж ұнамады
Дауыстары бір-біріне ұқсайды екен мен орысша қараймын❤

АманкелдыКажыгали