Санжар Керімбай: өмірден мән іздеген жан / Narikbi LIVE #60

preview_player
Показать описание

Подкастымыздың бүгінгі қонағы белгілі журналист, автор - Санжар Керімбай ағамыз. Санжар аға қазақ тілді "Отбасы хрестоматиясы" жинақтарының авторларының бірі. Одан бөлек "Яссауи феномені", "Сияр Шәріп", "Өмірге ғашық болу" кітаптарының авторы.

Бұл шығарылымда адам өмірінде мән іздеу, логотерапия, "өлім өнері" және т.б. тақырыптарын талқыладық.

💳 ЖОБАНЫ ҚОЛДАУ: 4400 4301 0531 4071

Тайм-кодтар:
00:00 Тизер
02:30 Санжар Керімбай кім?
07:00 Бейсен және болмыс..
11:20 Кітап оқуға көмектесетін достарымыз
12:25 Логотерапияға қалай келдім?..
22:30 Бірінші рет қандай әсер алдым?
30:00 Суицид жасағысы келген келіншектің оқиғасы
41:00 Өмірден мәнді қалай іздейміз?
49:00 Елге қызмет ету арқылы мән іздеу
56:00 Неге мән таба алмаймыз?
01:00:00 Тағдыр және өлім өнері
01:03:00 Өлімнен қашқан адамның оқиғасы
01:16:30 Өлім тақырыбы неге қорқынышты?
01:25:30 Құдай мен сенімнің маңыздылығы
01:37:00 Қазақ қиссаның ерекшеліктері?
01:44:30 Араби сөздердің қазақшалануы
01:48:00 Блиц!
Рекомендации по теме
Комментарии
Автор

Мықты кісі екен, , , Мәдениет Министрі болуға әбден лайық екен, ,

Galim_Tolegenov
Автор

Санжар Керімбайды тыңдап адам болдық кішкене, шыны керек. Әйтпесе ана жер-жаһанды қаптаған уағыздарды тыңдап, есіміз кірудің орнына топас болып кетіп бара жатыр едік. Осы кісінің еңбектерін оқып, кімді тыңдау керек, қандай кітап оқу керек, әрекет, жауапкершілік деген дүниелерді ұғып жатырмыз. Аман болсын! Дін мен ғылымды әдемі үйлестіре алатын мамандар аз бізде. Соның бірі, әрі бірегейі бұл кісі👍👍👍👍🌹🌹🌹

АсылзатТолегенова
Автор

Бүгін бірінші рет тыңдап тұрмын, ештеңенің мәнісін білмейді екенмін. Қанша адамдар мықты жұмыс жасап жатыр екен ғой. Мен осы елімізді тығырықтын алып шығытын адамдар қашан келеді деп жүргенмін. Құдайға шүкір осындай көкіректері ашық жігіттердің барына. Иә, бәрі дұрыс! Әркім өз балаларына дұрыс тәлім тәрбие беріп адами құндылықтарға толтырса әлі де еліміз, жұртымыз мың жасайды дем сенемін. Іске сәт, тыңдайтын құлақ, оқитын адам көп болсын

ЛазатУзбаева
Автор

Телевидение бастығы болсам 24 сағат телевизордан Санжардың сұхбаттарын салып қояр едім, Санжар ағайдың айтатыны тұнып тұрған тәрбие!

sauleesbergenova
Автор

*Осы Нәрікбидің ерекше ұнайтын қасиеті, спикерлеріне “ағалап” тұруы. Құлаққа сондай жағымды. Әйтпесе соңғы кезде қайда шыққаны белгісіз, келсін-келмесін қоса салатын “ханым, мырза” сөздерінен құлақ бітелді. Өзіміздің “аға, апа” сөздері әсем-ақ қой негізі.❤ Жасай беріңіз*

LauraBazarbay
Автор

Санжар Керімбай ағаның сөз саптауына риза болдым . Өте жақсы, пайдалы әңгіме болды👍🏻

sandukuttykhozha
Автор

Санжар - уникальная и, к сожалению, недооценённая личность! Умный, высокообразованный, к тому же полиглот! Санжара можно слушать бесконечно! Желаю Вам и Санжару успехов и много интересных тем !

nurgulkuzerbayeva
Автор

Санжар Керімбайдың зерттеп жүрген бағыты ұнайды. Қоғамның тамырын дәл басады

ERJANSAGIDOLLA
Автор

Мына подкастты 2 рет басынан соңына дейін тыңдадым. Бір ақпарат өткізіп алғандай, әлі де алатын нәрсе бар сияқты ощущение қалды. Келген қонақтың ораторское искусствосы 100/100 екен 🙂 бүгін мен үшін тағы бір тұлға ашылды.

alimanurzhusupova
Автор

Неше сағат болса да тыңдай бергің келеді. Расымен рухани шөлдеп қалғанымыз білінеді. Санжар ағамызға Алла разы болсын!

АланСоциал
Автор

Наркби сұрақтарды өте жақсы қояды екен. Сұқбатқа келген адамның жеке басын қазбаламай, логотерапия мен экзистенция ішінде не бар екенін ашуға тырысты, әрі ашты да деп есептеймін. Қоғамға автобиография емес, білім керек екенін көрсетті. Аман болыңыз! Мәнді подкасттарыңыз көп болсын! Профессионал ғұмыр сүрген Ер болуыңызға тілектеспін!

ВенераТасмағамбетова
Автор

Санжар ағайды тағы да шақырсаңыздар дұрыс болар еді。2 сағаттың өзі аз болып тұр 。。。 төрт бес сағаттық подкаст жасалса ғой шіркін Санжар ағаймен。шіркііііііін 😍😍😍

АлиманКауаша
Автор

Тағы да сұхбаттасайық!!! Мына әңгімені жалғастырайық!!!😊👍👍👍

АйнагульАбенова-ый
Автор

Толық тыңдап шыққан жандарға мың сәлем!! Рақмет осы подкастты жазған адамға және Санжар мырзаға!!!

madiagybayev
Автор

*Санжар ағай күшті түсіндіреді. Миыңды ашып, ішіне білімді әдемілеп рет-ретімен орналастырып қоя салады.*

aigulaspenbetqyzy
Автор

Санжар ағайды қанша тыңдасақта әр сұхбаты бірінші рет тыңдап жатқандайсыңғо, жауаптары миымды бомба болып жарып жіберді рахмет Нарықби 👍👍

KamshatGabdullina
Автор

Рахмет, бір таза ауа жұтқандай болдым, осыны мектептерде шұлғыл тұрде енгізу керек .
Сұрайын осы сабақты, лекцияны биліктегілерге өткізу керек, шұғыл түрде!!!! Жарайсыңдар 👍👍👍👍, риза болдым !!!!

БибиханКозыбахова
Автор

Дінімізде өмір мен қоса өлім жайында да айтылатындығы - өмірімізге мән сыйлаудағы балансты реттеп отыру екен ғой!

ЗейнепРаушан
Автор

Мына бала мәнді қағып алды ғой. Алла жар болсын!

aygulzhubaikyzy
Автор

Санжар ағаның қонақ болуын қатты қалап едім, керемет🤩 “Отбасы хрестоматиясының” шығарып жатқан кітаптары рухты оятып, өмірімнен, айналысып жүрген ісімнен мән табуға көмектесіп жатыр❤

КмшатСағатқызы