«Мұқағали» — ресми трейлер

preview_player
Показать описание
Тұсаукесер!

21 қазаннан бастап режиссер Болат Қалымбетовтың «Мұқағали» фильмі еліміздің барлық кинотеатрларында. Туындыда ақынның өмірінің соңғы жылдары баяндалады.

Мұқағали жарты ғасырға жуық ғұмырында мыңнан астам өлең, поэма мен повестерін жарыққа шығарып, шетел жазушыларының туындыларын аударған.

Басты рөлдерді Асланбек Жанбалаев, Толғанай Бейсембаева, Азиза Рысбаева, Бақытжан Қажымұқан, Раушан Мажитова, Бауыржан Қаптагай сынды актерлер сомдады.

_________________________________

Премьера!

Смотрите с 21 октября на всех экранах страны фильм Болата Калымбетова «Мукагали». В картине описываются последние годы жизни выдающегося поэта.

Более тысячи стихотворений, а также рассказы поэмы, повести и переводы зарубежных писателей - глубокое наследие мудрого Мукагали.

В главных ролях играют Асланбек Жанбалаев, Толганай Бейсембаева, Азиза Рысбаева, Бахытжан Кажымуканов, Раушан Мажитова, Бауыржан Каптагай и др.
Рекомендации по теме
Комментарии
Автор

Керемет! Мұқағали Атамыздың өлендерің өте жақсы көремін!

kulyashboranbaeva
Автор

Қайран Мұқағали ақын! Тағдырлы ақын, мұңды ақын, қасиетті ақын.... қадірін кеш түсінгеніміз өкінішті. Жатқан жері жәннаттың төрі болсын.

ЛикоОтеуова
Автор

Наконец-то казахи начали новый формат, без бытовухи, мнимого романтического бандитизма, разборок. Пора выйти на новый уровень, высшую лигу!

Степной-ьв
Автор

Бүгін киноның толық нұсқасын көріп қайттым. Мұқағали атамыздың қазах халқына, әдебиетіне қосқан үлесін тіпті көрмедім. Өкінішке орай, кинода поэт туралы ақпарат толықтай жоқ, сонымен қатар, ең соңында гробқа солып алып барады. Біздің ұлтымызда ондай дәстүр жоқ.
Кинода Мұқағалидің істегені: шарап ішу, аурыханада жату. Сол жерінде бұндай адамға соншама кір келтіргеніне таң қалдым.

Режиссерді тек талабы үшін мақтауға болдады. Тырысқаны үшін рахмет. Бірақ, жұмысы нашар.

Бір ғана өтінішім, ұлы адамдар туралы кино түсірсеңізлер жақсы жасаңыздар. Болса жетеді дегенді тастаңыздар. Бұл комедия емес ондай ой толғаулар туғызатын.

Ақпарат оқып, мәлеметтер жинап, абайлап істеңіздер. Енді "Мұқағали" деген кино жәй ерігушілік пен мазақ сиақты көрінді, өз ойым.

Оқығандарыңызға рақмет!

Сапалы кинолар көп болсын! 😁

vifassema
Автор

Өтте аыур кино, 😢 Мұқағали атамыз поэзиясы керемет

Маргарита-бж
Автор

Ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаев туралы киноның шыққанын естіп көргім келіп жүрген еді, мына комментарияларды оқып көңілім су сепкендей басылды. Мұқағали атамыздың өміріндегі көлеңкелі тұстарын көрмей ақ қояйыншы деп шештім. Менің сүйіспеншілігіме бөленген Мұқағали туындылары әркез жадымда сақталады!

ЖамилаТоқбергенова
Автор

Мұқағали ақын тау мұзбалағым,
Үзіндіні көріп мына мұздағаным.
Мінезіңмен өнеріңді бұл фильмде,
Кім кепіл артық-кемді бұзбағанын.
Мұқағалиді ойнау бір бөлек іс,
Мұқағали болу ол тұңғиық түс.
Қоғамдағы орны, ішкен-жегені,
Ел аузында жүрген аңыздар, не дегені...
Дәріптеліп, тапталмаса рухы ақынның,
Ақталмаса датталмаса жадымызда ерсі сақталмаса,
Мұқағалиді сомдадым деп мақтанбаса,
Актёрда кемшілік бар сомдау баптауында,
Сөйлеу, интонация сөз саптауында.
Мұқағали ол шың, Мұқағали ол құз,
Мұқағали ол от, Мұқағали ол мұз!
Мұқағали шың, Мұқағали мұң!
А/ы: Нұр Шынғысбаев

НурШынгысбаев
Автор

Азамат Сатыбалдыға қарағанда мына актёр Мұқаңнан айнымайды екен!Бет әлпеті де, дене бітімі де ұқсап тұр ғой шіркін!!!

ЕрнатРахметов-гх
Автор

Мұқағали атамыз жеткілікті деңгейде дәріптелмей жүрген еді. Жақсы болған екен! Қуаныштымын!

ІңкрбекТуекелов
Автор

Бүгін алғашқы көрсетіліміне бардым… Жүрегім тек мұнға толды ….Мұқағалидай ұлы тұлғаның бейнесі дәл осы кинодағыдай болғаны өкінішті ақ ! Келешек ұрпаққа, жастарға қандай үлгі? Мұқағали атамыздын елге сіңірген еңбектері, шыңайы бейнесі мен өмірге деген құлшынысы қайда? Қазақ поэзиясына жаны ашыған ақын қайда? Неге кино шығармас бұрын толық өмір баянын оқымасқа!? Өте өкінішті …. Қазақ ақыны, қазақ тіліне жаны ашыған, отбасына деген мейрімі шексіз тұлғаны бұл кинода көре алмадм

АйгульЖаксыгулова
Автор

Менің ойымша бұрын Мұқағали ды ойнаған актерды ойнату керек еді. Атын білмеймін бірақ сол актёр нағыз Мұқағалиды өзітін. Бет әлпеті, түр тұлғасы келетін. Өлеңдерін жатқа оқитын.

СейлжанСатбергенов
Автор

Асыға күтіп едік✨
Аңдатпасынан-ақ керемет туынды шығатынына сенімдіміз🔥

nazerkeqairat
Автор

Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали ағамыздың құрметіне шығарылған керемет кино сияқты, міндетті түрде барамын, Алла қаласа!!!

dilmuratyussupov
Автор

Осы киноны кутемын, Мұқағали аға жатқан жерін жайлы болсын, топырағын торқа болсын, жаның иманды болсын.

СВОБОДНЫЙГРАЖДАНИН-эж
Автор

Өте керемет 👏🏻Мұқағали атамыз бір марқайып қалғанда шығар. Тәнтімін

ҚарақатЖанарбек-лщ
Автор

Оте әсері ойнаган Майгул рөлін сомдаған кішкене актриса кыз Азиза кайын сіңілімнің қызы биіктерден көріне бер тіл көзден сактасын😘

ШакираМурсал
Автор

Керемет 👏🏻👏🏻👏🏻 Осындай кинолар коп болсын Алга

abdi_asel
Автор

Ешк олсун казах гардалларымыза! 🇦🇿☝️✌️

azizhagverdiyev
Автор

Өзім ҚазССР кезіндегі біздің халқымыздың арасында жүрген секілді болдым. Өте жақсы түсірілген👍

kamila
Автор

Сәтсіз туынды деп бағалар едім. Көп дүние ашылмай қалғандай көрінді. Белгілі бір сюжеттік желі жоқ. Бір оқиғадан бір оқиғаға жайдан-жай көшкендері ұнамады. Соңына дейін жүрегі жаралы, қайғыдан қан жұтқан Мұқағалиді көргім келді. Көре алмадым. Бауыржан атамыздың рөліне Бауыржан Қаптағайды қойғандарына таңғалдым :(

ДианаАсанова-шэ