filmov
tv
Александр Бородюк қызметтен өз еркімен бас тартты
Показать описание
Бородюк бар, Бородюк жоқ. Ресейлік маманның «Қайрат» тізгінін ұстағаны енді ғана еді, қызметінен кетіп үлгерді.
Қазақстандық футболдағы берекесіздіктің тағы бір көрінісі бұл. Былтыр чемпиондыққа ұмтылған Алматының «Қайраты» маусым арасында Александр Бородюкті ат-түйедей қалап әкелген.
Аяқдоп шаруашылығын бақылап отырғандар бапкердің «Қайрат» үшін осал соғатынын айтты да. Бірақ шешім қабылданды.
Биылғы біріншілікті суперкубокты ұтып алудан бастаған алматылық футболшылар сосын сүріне бастады. Бірінші турда «Тараздан» тас-талқан ұтылды.
Екінші турда «Оқжетпеспен» ұпай бөлісті. Сосын Оралға барған. Көш соңында қалып қойған «Ақжайықтың» апшысын қуыру үшін. Алайда тағы да жеңілді, бірінші топтан енді оралған оралдықтардан.
Бас бапкер ұялса керек, қызметтен өз еркімен бас тартты.
Айта кетейік, «Қайрат» ресейлік маманмен үш жылға келісімшартқа отырған болатын.