ҚХА-ның қазақстандық бірегейлікті және патриотизмді нығайтуға үлес қосатын жобалары. 2 бөлім

preview_player
Показать описание
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тұңғыш Президент жолымен» халықтық экспедиция» жалпыұлттық жобасы Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның негізін салу және құрудағы ерен еңбегін қоғамдық санада бекітуге, Елбасының бағдарламалық тұжырымдамалары негізінде бірлік пен келісімнің жалпыұлттық біріктіруші құндылықтарын нығайтуға, сондай-ақ Елбасының стратегиялық бағытының сабақтастығын қамтамасыз етудің әлеуметтік базасы негізінде барлық этностарды мемлекеттік құрылыстың жаңа кезеңінде экономикалық және әлеуметтік
реформаларды іске асыруға тартуға бағытталған. Жобаның мақсаты – Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында халықтың, әсіресе жастардың арасында бейбітшілік
пен бірлік саясатын кеңінен насихаттау мақсатында Тұңғыш Президент – Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін нығайту және дамыту бойынша ақпараттықнасихаттық қоғамдық-саяси, ғылыми-ағартушылық, мәденибұқаралық іс-шаралар циклын ұйымдастыру.

Бейне-дәріс ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты аясында «Этномәдени бірлестіктер арасында жалпыазаматтық бірегейлікті қалыптастыру және қазақстандық патриотизмді дамыту»
Бейне-дәрісті әзірлеуге және көрсетуге қатысқандар:
Н.П. Калашникова, саяси ғылымдарының докторы, ХАА академигі, ҚХА мүшесі;
Л.А. Гривенная, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент,
ҚР ЖОО ҚХА кафедралары қауымдастығы төрағасының орынбасары;
У.А. Ахметжанова, ҚХА тіл саясаты саласының сарапшысы;
А.Қ. Кахарман, саясаттану магистрі;
Ш.А. Исмаилов, И. Арабаев ат. ҚМУ құрметті профессоры, ҚХА ҒСК мүшесі;
А.Ю. Цыкало, дизайнер-беттеуші.
ЖК «Prof Design Studio»
Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ., Ш. Құдайбердіұлы даңғылы, 17, кеңсе 88
жобасы бойынша әзірленіп, жазылды.
Рекомендации по теме