Меруерт Мусрали 'Республикам-Қазақстаным'

preview_player
Показать описание
Меруерт Мусрали "Республикам-Қазақстаным"

«Республикам – Қазақстаным»
Әні Самат Рыспанбетов
Сөзі Ботакөз Мухиденқызы

1. Жаңарған жаңа Қазақстан елі,
Аманат біздерге кең байтақ жері.
Бабамның ұлы арманы орындалып,
Күтеді ғажайып болашақ төрі.

Жарқырап жарық төбесінде күні,
Тербеткен рух беріп, домбыра үні.
Елтаңбам - елдігімнің белгісіндей,
Әнұран шырқалған жүректің жыры.

Қ-сы
Көк байрағым, ашық аспаным,
Тілегі бір отандастарым!
Мақтанышым мәртебелі елім
Республикам - Қазақстаным!

Қарсы алған әрбір қуанышпен таңды,
Жасай бер, Еңселі елордам сәнді!
Алтай мен Алатауды жалғап тұрған
Егемен елімнің ертеңі мәңгі!
Рекомендации по теме
Комментарии
Автор

Даусыңнан айналдым! 😍😍😍
Нағыз кәсіби әншісің, Меруерт! Өнердің тек биік шыңдарынан көріне бер! ❤❤❤❤❤

aigerimkarsakbaeva