filmov
tv
ДСҰ мен ЕАЭО аясында тауар айналу шарттары түсіндірілді

Показать описание
Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде жергілікті кәсіпкерлерге Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Еуразиялық Экономикалық одақ аясында тауар айналу шарттары түсіндірілді.
Қазір Қазақстанға Дүниежүзілік сауда ұйымы аясында төмендетілген баж салығымен әкелінген тауарлардың өзге елдерге шығарылмауы қатаң бақылануда. Еліміздің ұйым қатарына өтуіне байланысты өткен жылы үшінші елдерден төмендетілген баж салығымен әкелінетін 1 мың 300-ден астам тауар түрінің тізімі жасалған болатын.
Ұйымның талаптарына сәйкес бұл өнімдерді Еуразиялық Экономикалық одақ елдердің бір-біріне экспорттауына тыйым салынған. Елімізде аталған тауарларды бақылау мақсатында электронды шот-фактураларды қолдану жүйесі енгізілді. Әрі тауарды тасымалдау барысында оның саны, кедендік декларациясының номері және кедендік баждың төленгені туралы мәліметтерді толық көрсету міндеттелді.
Қобыланды Аманов, БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы
-Енді ДСҰ-ның ставкалары бойынша импортталатын тауарлар Қазақстан Республикасында қалуы тиіс. Ешқайда шықпауы керек. Егер ЕАЭО елдері аумағына шығаратын болса, ол кедендік рәсімдеу кезінде бірден ЕАЭО біріккен кедендік тарифі бойынша рәсімделуі қажет.