filmov
tv
ТӘУЕЛСІЗДІК МАҒАН НЕ БЕРДІ?
Показать описание
Биыл қазақ елінің тәуелсіздігіне 30 жыл толады. Ширек ғасырдан астам уақыт ішінде Қазақстан әлемге танылып, тар жол тайғақ кешу мен зұлмат қиын-қыстау кезеңдерден сүрінбей өтіп, жаңа деңгейге қол жеткізді. Алтай мен Атыраудың арасын жайлаған тәуелсіз елді әлем таныды.
Тақырыбымыз тәуелсіздік бізге не берді? Бұл тақырыпты қойғаннан кейін өзіме мынандай сұрақ қойдым: «Бұл тым астамшылық болмады ма? «Тәуелсіздік бізге не берді деп айтарлықтай, мен өзім не істедім тәуелсіздік үшін, мен де осы қоғамның мүшесі емеспін бе? Сары ауыз балапан кезеңінен өтіп кеткенім қашан, жұрт аузына су тамызар кезге келсем де әлі күнге дейін сол суды жұрттан күткенім қалай? Бұндай жатып ішерліктің өзі біреуге тәуелі екенімді, рухым әлі де тәуелсіз емес екенін көрсетпей ме? ең әуелі соны ойлаған дұрыс шығар».
Жақсы солай-ақ болсын сонымен тәуелсіздік бізге не берді:
Тәуелсіздік бізге еркін ойлауға мүмкіндік берді.... Жеке ойымызды айтарда жалтақтауымызды азайттық, үлкен қожайынымыз бұл ойыма қарай қарайды екен, ол кісінің қаһарына ілініп кетпеймін бе деген, сана бодандығынан біртіндеп арылып келеміз. Ойын ашық айта алатын, өз туған елінде алға қойған мақсаттарын жүзеге асыра алатын қоғамда жастар қалыптасып келеді. Бірақ дегенмен әлі де арамызда санасы бостандыққа жетпеген өз үйінде тұрса да өз итаяғынан жеп жатса да көрші үйдің төбеті келіп менің сүйегімді олжалап кете ме деп, жан-жағына жалтақтайтындар кездеседі.
Тәуелсіздік діни ұстаным еркіндігіне мүмкіндік берді... Кеңес үкіметінің озбыр саясатының бір көрінісі – дінмен күресуінде, адамдардың жүрегінен Аллаға деген діни сенімнен ажыратуға деген әрекеттері. Алайда олардың бұл әрекетінен ешнәрсе шықпады. Имамдардың қудалап, талайын Итжеккенге айдатса да, мыңдаған мешіттер мен медреселерді бұзып күл талқан етсе де адамдардың жүрегінен дінді өшіре алмады. Алла қасиетті Құран Кәрімде: «Олар Алланың дінін өшіруді қаласа да өшіре алмайды». Елімізде дін үшін Тәуелсіздікке дейін елімізде 68 мешіт болса, тәуелсіздік алғаннан кейін мешіттер саны 2800 ге жетті.
Ана тілімізге қол жеткіздік... Сондай бір замандар болды қазақпен қазақ қазақша сөйлесуге бата алмайтын. Қоғамдық көліктерде қара көз қазақтар ана тілінде сөйлеп жатса: «Что вы бармочите, говорите на русском» деп ұрсып тастайтын. Кәзір ешкім сізге олай айта алмайды, қалаған кітабыңызды, қажетті мәліметті қазақ тілінде ала аламыз. Кезінде орыс тілінің үстемдігін орыстан көрдік кәзір кімнен көреміз. Негізгі кінә бізде балаларымызды қазақ мектебіне береміз бірақ үйде орысша сөйлесеміз, мемлекеттік мекемелерде, сауда орындарында өзіміз бірінші болып, орысша сөйлейміз, тіпті қарапайым банкоматтан ақша алу үшін де қазақша біле тұра орысша мәзірді басамыз.
Шыққан тегімізді тани бастадық....
Дәстүрімізге қол жеткіздік