«31 арна» детектив жанрындағы жаңа өнімді халыққа ұсынбақ

preview_player
Показать описание
---------------------------------------------

Бүгінгі шығарылымда:
«31 арна» діни экстремизм мен терроризмге қарсы күресті насихаттауға бағытталған жаңа телехикая түсіріп жатыр. Сценарий авторларының айтуынша, «12 сағат» сериалы жастардың бойындағы патриоттық сезімді нығайтып, отансүйгіштікке тәрбиелейді. Әрі ел тыныштығын сақтау жолында басын қауіп-қатерге тіккен тәртіп сақшыларының қызметін кеңінен көрсетуді мақсат етіп отыр. Детектив жанрындағы телехикая 12 бөлімнен тұрады. Ал, премьерасы қазан айының соңына жоспарланған.
Міне, дәл осы киногерлерге ортақ жоралғы жасалған соң, шығармашылық топ бір-біріне сәттілік тілеп, түсірілімге кірісті. Жаңа жобаның атауы – «12 сағат». Оның атауынан-ақ негізгі оқиға жарты тәулік ішінде өрбитінін аңғаруға болады. Авторлар көтеріп отырған проблема да ауқымды. 12 бөлімнен тұратын криминалдық драмаға діни экстремизм мен терроризм тақырыбы арқау болып отыр.
ДАНИЯР КҮМІСБАЕВ, сценарий авторы:
– Біз тақырыпты тереңінен зерттедік. Сала мамандарынан осындай қиын сәттерде келіссөздердің қалай жүргізілетінін сұрадық. Кепілдегі адамдарды аман алып қалу үшін не істеу қажет, бәрін-бәрін зерделедік. Кеңес алдық. Мейлінше, шынайы болғанын қалаймыз. Ал, сценарийді жазуға шамамен екі айға жуық уақыт кетті.
Яғни, сценарий бойынша террористер ел астанасындағы ірі сауда орталықтарының бірін басып алып, бірнеше талап қояды. Соған сәйкес, елге белгілі полковник келіссөз жүргізуге, ал БАҚ өкілдері процесті көрсетуге міндеттеледі. Алғашқы талап орындалғаннан кейін террористер 1 тәулік ішінде заңсыз ақша айналымына қатысы бар қаржыгерлер мен саясаткерлерді жазалауды сұрайды. Бірақ бұл тек басы ғана деді басты рөлдердің бірін сомдайтын танымал актер Олжас Тоғымбет.
ОЛЖАС ТОҒЫМБЕТ, актер:
– Қобалжу бар. Енді актердің басты мақсаты ол көрерменнің көңілінен шығу, дұрыс па. Және де бір персонажбен бүкіл сұрақтарға жауап беру бұл сол жағынан қиындау болып тұр. Актуалды сұрақ болғандықтан, жауапкершілік көп. Бұйырса, жақсы жағынан шығады деген ойдамыз.
Түсірілім жұмыстары 25 күнге созылады деді туынды авторлары. Ал, дайын өнім қазан айының соңында қалың көрерменге жол тартпақ.

---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:

#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық
Рекомендации по теме
Комментарии
Автор

Ислам діннің бір жалғаны болмаса, 73 топқа бөліне ме ?. Қазақтар, жаратушы мен жаратқанның ара - жігін ажырата білу керек . Арабтардың шежіресіне еріп, олардың амалдарын істей бермей . Арабша сыйынуды қою керек !.

ИкетайҚосанов