Қазақтың ұлттық киімдері

preview_player
Показать описание
Монтаж: @alisher_gumar
Текст: Зердегуль Мусирова
Қазақтың ұлттық киімдері –адам киетін, денесін ыстық, суықтан қорғап, қазақ халқының дәстүрлерін дәріптейтін бұйым.
Көйлек – әйелдерге арналған киімнің бір түрі. Қыздар мен әйелдер көйлегін бүрмелі, қос етек, тік етек, үш етек, көп қатарлы деп бірнеше түрге бөледі. Көйлектердің тігілген матасының түріне қарай күнделікті киілетін көйлек, жиын-тойға арналған «кештік» көйлек деген атаулары да болады.
Кемер белбеу - қыздарға арналған былғарыдан тігіліп, алтын, күміс әшекейлермен шектелген аса қымбат белбеу.
Сәукеле – әйелдің бас киімі, ұзатылған қыздар және оның жанына еріп жүретін құрбылар киген.Сәукеленің негізгі бөліктері – тәж, төбе, құлақбау және артқы бойы. Сәукеленің төбесі қиық конус тәрізді болып келеді. Оның төбесінде «Тәж» деп аталатын жартылай дөңгелек айдары болады. Сәукеленің төбесінің биіктігі екі сүйем, кейде одан да биік болады. Жұқа ақ киізден сырылып тігіліп, сырты қызыл шұғамен тысталады.
Сәукеленің сырғасы – күмістен жасалған, көп қатарлы сырға пішіндес арнайы салпыншақ.
Шапан – тізеден төмен түсетін сырт киім. Түрлері: қаптал шапан, қималы шапан, сырмалы шапан. Қазақ халқы шапанды жағалы киім ретінде бағалап, адамға шапан кигізу үлкен құрмет деп санаған. Қошқармүйіз, арқамүйіз, қосмүйіз сияқты әр түрлі қазақтың ұлттық оюларымен өрнектеледі.
Жейде – іштен киетін ерлер киімі. Жейденің мойын жақтары өрнектеліп тігілетін болған.Ұзақ жасаған, халқына өте қадірлі қариялардың жейде көйлеген жас жігіттер ырымдап киген.
Белбеу – киім сыртынан буылатын, былғарыдан, матадан жасалатын бұйым.
Айыр қалпақ - ерлердің киізден тігілген жеңіл бас киімі. Айыр қалпақ жұқа етіп басылған киізден тігіледі. Ол негізгі екі бөліктен құралады - қалпақтық төбесі және етегі. Қалпақтың төбесі төрт сайдан тұрады. Қалпақтың етегі жалпақтығы төрт елідей етіп, дөңгелетіп қиып алынған киізден жасалады да, оны жоғарғы бөліктің етегіне сыздық салып қондырады.
Рекомендации по теме
Комментарии
Автор

Керемет ! Қазағымның иісі аңқып тұр!🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉

Ауылым-алтынбесігім
Автор

Керемет ! Біртіндеп болсада күнделікті еркектерге жасы кәрісі демей, күнделікті кигенге ойластырсаңыздар жақсы болар еді !?!

agaaga
Автор

Мәссаған керемет екен өте күшті деб айтпая коян

toniggg
Автор

Ақ көйлекпен, ақ шалбар іш киім болып есептелген ғой қазақта .Іш киімдерінің сыртына киетін кең шалбарлар ши бархаттан тігілген болды ма .

Алтынай-вщ
Автор

мә мен 6сыгыппын неге бұны жіберд қасқа😂

Чмпобоксу
Автор

Кім жанна апай жібереген сслкамен кіріп отыр мен ЕСЕНБЕК БЕК ЖАМБЫЛ МЕКТЕБІ 5 А

kudjojotaro
Автор

Оте кремет осы кисди арапсмактарга киндирип коиындаршы арабияга апарып киндирип коиу керек сонда туснеди казактын кимин

МуратБайпак
Автор

Науырыз келе жатыр бір қазақи киім алып қояын десең өлпй -- сөлпй киімдер .
Дұрысын қайдан алсам екен.

ЕркінОрынбаев-зт