Қырғызстанда тас көшкінінен қаза тапқан қазақстандық пен өзге де отандастарымыз елге жеткізілді

preview_player
Показать описание
Қырғызстанда тас көшкінінен қаза тапқан қазақстандық пен өзге де отандастарымыз Скрябина мұздығынан қауіпсіз жерге көшірілді. Ақпаратты Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті растап отыр. Эвакуацияланғандар Бішкектегі «Манас» әуежайына жеткізілді. Таудағы туристерді құтқару үшін бүгін таңда елімізден «Казавиас» тікұшағы жеткізілген еді. Құрамында 9 құтқарушысы бар топ кинологтармен бірге оқиға орнына дереу жетті. Болжамдар бойынша, туристер теңіз деңгейінен 4100 метр биіктікте тас асында қалған.
Рекомендации по теме