ҚЫЗЫЛ, САРЫ, КӨК, ЖАСЫЛ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРЫНДАРЫНА QR- КОДПЕН КІРУІ МҮМКІН

preview_player
Показать описание
АЛМАТЫДА САНИТАРЛЫҚ ШЕКТЕУЛЕР ЖЕҢІЛДЕТІЛДІ

Алматыда коронавирус бойынша жағдай тұрақты. Мегаполис «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа көшуіне байланысты шаһардың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қаулысын өзгертті. Бұған дейінгі құжат медицина және мәдениет саласының өкілдері тарапынан келіспеушілік туындатқан. Себебі коронавирус тестісі оң көрсеткендердің бәрін ауруханаға жатқызу міндеттелген еді. Бұл талап қаншалықты өзгерді? Оны әріптесім Перизат Көмекбайқызы анықтап көрді. Ол қазір Алматыдан тікелей байланысқа шығып тұр.

Иә, шектеудің жаңа түрі бекітілсе солай болғалы тұр. Негізі, «Ашық» атты қосымша елдегі эпиджағдайды қашықтан бақылау үшін қолға алынып отыр. Оның жұмыс істеу механизмі оңай. Тұрғындар қосымшаны жүктеп алады. Ал ондағы базада кімнің қандай жағдайда екені көрсетіледі. Қызмет көрсету орындарына кірерде, сол базадағы кюар кодты көрсете алады. Әр тұрғынға әр түрлі түс беріледі. Түстердің нені білдіретінін экраннан көріп отырсыздар. Ең қорқыныштысы қызыл түс. Бұл оқшауланған немесе амбулаториялық бақылаудағы жандар. Олар қозғалысты шектеуі керек. Екіншісі - Сары. Яғни,бұл науқаспен байланыста болған адамдар. Оларға үйінен 500 метрден асып шықпауы тиіс. Дүкен мен дәріханаға баруына болады. Үшіншісі Көк - Бұл ПТР тест тапсырған жандар. Әуежайдан басқа жерде қозғалысқа ешқандай шектеулер жоқ. Жасыл түсті тұрғындарға ешқандай шектеу жоқ. Бұл пайдаланушы дерекқорда covidтің теріс нәтижесі бар ПТР-тестілеуден өткен адам ретінде көрсетілген. Жаңа жүйе туралы халықтың пікірін де білген едік.

Эфирде сараптамалық бағдарламалар, нарықтың беталысы мен дамуына қатысты болжамдар, мамандардың түсініктемесі, сараптамалық тұрғыдағы пікірлері мен көзқарастары. Atameken Business қонақтары бұл өз саласының жетекші мамандары, бизнесмендер, кәсіпорын басшылары, мемлекеттік билік пен қоғамдық ұйым өкілдері.

Смотрите в эфире аналитические программы, прогнозы развития и поведения рынков, комментарии специалистов и экспертные оценки. Гости Atameken Business это ведущие эксперты своих областей – бизнесмены, руководители предприятий, представители государственных органов, лидеры общественного мнения

#AtamekenBusiness #Inbusinesskz #НовостиКазахстана
Рекомендации по теме