ҰБТ-ҒА 3 АЙ ҚАЛҒАНДА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК? / JUZTALKS

preview_player
Показать описание
ҰБТ-ҒА 3 АЙ ҚАЛҒАНДА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК? / JUZTALKS

Сіздердің сүйікті мұғалімдеріңізбен кезекті подкаст. Нағыз ҰБТ-ға 3 ай қалғандықтан дайындықты тездету керек. Ал сен ҰБТ-ға дайындықты бастадың ба? Әлде дайындықты бастай алмай жүрсің бе?

- "Қалай дайындаламын?", "Неден бастаймын?", "Қиын жағдайдан қалай шығуға болады?", "Дайындықты ерте бастаған дұрыс па?" деген сұрақтардың жауабын аласың.
- Сонымен қатар мұғалімдер өздері және оқушылары жайлы ҰБТ оқиғасын айтып береді.

Подкаст жүргізушісі: Амирбекова Ажар - ағылшын пәнінің мұғалімі
Қонақтар:
- Даукенова Айгерім - география пәнінің мұғалімі
- Ерболұлы Марғұлан - физика пәнінің мұғалімі
- Өзбек Бексұлтан - дүние жүзі тарихы пәнінің мұғалімі

Подкастты көру ыңғайлы болу үшін👇🏻
00:00:00 - Интро
00:00:41 - Таныстыру
00:02:45 - ҰБТ оқиғаларымыз
00:11:41 - 11 сыныптан қызықты оқиғалар
00:23:05 - 3 ай қалғандағы стресс…
00:28:35 - Қайталаудың маңызы
00:32:25 - Қатемен жұмыс
00:37:20 - Пән емес, мамандықты таңда!
00:41:20 - Жаттаудың түрлері
00:45:00 - Не үшін демалу қажет?
00:50:55 - Қазіргі білімдеріңізбен ҰБТ-дан неше алатын едіңіздер?
00:53:00 - Қысқа жады немесе ҰБТ-ға 1 күн қалғанда неге ұйықтау керек?
00:57:55 - Неліктен ИНТЕНСИВ?
01:01:26 - Қоштасу



Рекомендации по теме
Комментарии
Автор

Гера апай екеуміздің таңдау-пәнімізде, қаңтар пробный ұбтлардан алған баллымызда, сәуір айынан бастап таңғы уақытта тұратынымыз да барлығы, барлығы өте ұқсайды екен🥰Мағанда Гера апайдың 111 баллы бұйырсын🤲🏻Керемет подкаст, керемет атмосфера, керемет мұғалімдер, жүректен жүрекке жетті.❤️

ДильнараТілеуберген
Автор

марго ағай приколдарын мына жерде де айтып отр екен ғой😂😂

aiymsoulll
Автор

Өте керемет подкаст болды ағайлар мен апайларға мың алғыс.

erasylk
Автор

Қаншама мотивация, қаншама кеңстеріңіз, қызықты оқиғалар бәрі бәрі керемет өтті ❤❤❤

АяулымЖаксыбай-щй
Автор

керемет подкаст 😍 мотивация оянып, сабақ оқуға желание ашылып кеттіғой💕

thenurulla
Автор

I am glad to have you as my teacher. love ya ma pookie wookie snuggle bear, majestic miss
p.s. cute reminder: you are important you are loved n you matter so much in this world, n im glad you're in it

dddusserrr-fyob
Автор

Мен негізі подкаст қарамайтын адаммын, бірақ бұл подкасттағы әңгіме, кеңестен көөп түйін жасадым.Жүректен жүрекке дейді ғой дәл осы сөз осы подкастқа арналғандай, мұғалімдер өздерінің өмірлерінде болған оқиғалармен бөлісіп, содан түйін жасап бізге өз ақылдары мен кеңсетерімен бөлісті.Душевный, комфортный атмосферада болғаны соншалықты тіпті соңына қарай бір жылап та алдым, алдағы кезекті подкасттарды күтемін😍❤

zhomartovna_
Автор

Ең мықты мұғалімдер жиналып қалыптығоййй 😍😍 мәсааағаннн

МерекеҚұралбек
Автор

Комфортный мұғалімдер
Ешқайсысын жеке танымаймын, осы Подкатс арқылы жәй адам ретінде таныдым, ❤

БисенбайАйдана
Автор

келесі де осылай подкаст болса екен басқа мұғалімдермен өтініш, қазіргі таңда оқушыларға өте керек подкаст қолдау көрсететіндей подкаст бұл

erasylk
Автор

Ажар апайым сіз мен үшін әрдайым мақтанышсыз!Сізге қарап шынымен шабыт аламын, әрбір айтқан ойларынызды жазып алдым, шынымен подкаст дәл уақытында шыққандай болды, жасап жатқан еңбектеріңіз бен бөлісіп жатқан кеңестеріңіз үшін рақмет, түртіп алатын жерлер өте көп болды конспект қылып жазып алдым десемде болады☄️

relmvltm
Автор

Әдемі локация әдемі уақыт пен ұстаздар, cozy🎀

dwshaki
Автор

Көптен күткен подкаст😍💗 Қазіргі түлектердің ойында жүрген сұрақтарға жауаптардың барлығы бір подкастта табылғанына қуаныштымын. Өзімнің ойымда жүрген мәселе сұрақтарға жауап таба алдым, мұғалімдерге көп көп рахмет🫶🏻. Қайталау-білім анасы, әрекет сенен, берекет-Алладан. Лайфхактарыңызға, берген мотивацияларыңызға көп рахмет. 10 сыныптарға бірден бір кеңес: Пән таңдама, мамандық таңда.

lauraakhatova
Автор

Ажар апай Бекс Ағай ❤❤
Айгерім апай❤❤ Марғұлан ағай ❤❤

МерекеҚұралбек
Автор

Бекс ағай мен Ажар апай ең керемет мұғалімдер себебі олар джтангл премиумға береді🔥

КамшатКамбарова-эщ
Автор

Достар кім біледі, май-июнь арасында 2 грант ұбт болама

siya