«Mudarabah Capital»-ға ақша құйып, алданып қалған салымшылар Бас прокуратура алдына жиналды

preview_player
Показать описание
Осымен екінші рет "Мудараба кэпитал" салымшылары Қазақстанның әр өңірінен жиналып, Бас прокуратура алдында наразылықтарын білдірді. Олардың басты талабы қаржы пирамидасына қатысты қылмыстық іс тікелей Нұр-Сұлтанда қаралсын дейді. Өйткені, Алматының полиция департаменті істі әділетті жүргізубеуі мүмкін деп күдіктенеді.
Қаржы пирамидасының барлық қатысушысы түгел жазаласын деген "Мудараба кэпитал"-дың салымшылары, істің ушығып кеткеніне тікелей Алматы полиция департаменті басшысының орынбасары Рүстем Әбдірахмановты айыптап отыр. Айтуларынша, нағыз кінәлілер бостандықта жүр. Сондықтан, олар қылмыстық істі Бас прокуратура немесе Ішкі істер министрлігіндегі тергеу департаментінің тікелей қарауын талап етеді.
ҚҰРМАНҒАЗЫ САПАРБАЕВ, салымшы:
– Құрманғалиев Алмас, Құрманғалиев Шыңғыс әкесі бар, сосын, бухгалтер Дәния Рахимова бар. Олардеген основной фигуранттар. Дәния айтқан басқа бухгалтерге қазір мені түрмегеқамауға алса, мен бар схеманы айтып берем деп. Сондықтан ДВД алматы соған противятся.
АЙСҰЛУ ТЕРМЕКБАЕВА, жәбірленуші:
– Біз Прокурордан талап етіп тұрғанымыз, әділдік керек. Әбдірахманов біздің тірлігімізді жүргізсін.Жүргізе алмаса, осы астанаға берсін. Астана әділ шешім шығарсын, қарапайымхалықты жылатпасын.
Тікелей Президенттен көмек сұраған салымшылардың арызын бас прокуратура 3 күннің ішінде қарастырып, бір шешімін шығарамыз деп уәде етіпті.
ІЛИЯС САНДЫБАЕВ, Бас прокуратураның кезекші прокуроры:
– Арыз жазылғаннан кейін ресми жауап беріледі ол кісілерге.
Қаржы пирамидасына салған қаражатымыздың ай сайын 20 пайызы көлемінде ақшасын алып отырамыз деп алданып қалған салымшылар бұл жолы да қолдарына жанармай мен шырпы ала барыпты. Ал азаматтардың дәл осындай әрекетке барып, талап етуі құқық қорғау саласының әлсіздігі дейді адвокат Абзал Құспан.
АБЗАЛ ҚҰСПАН, ЗАҢГЕР:
– Жыл жарым бойы оны істемейді, бір әйел адам келеді де үсітне бензин құйып жібереді.өртейді, дереу оны аладыда ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі етіп қамап тастайды. енід осы нәрсе ертең кез-келген құқығы бұзылған азамат әділдікті осныдай әркетпен қалыпына келтіреміз деп осындай әрекетке барады.
Бұған дейін Алматы қалалық полиция департаметінің орынбасары Рүстем Әбдірахманов, салымшылардың өздері алданып қалғанда тікелей блогерлердің жазалануын сұрап еді дейді. Ал қазір керісінше Мейіржан Төребаевты бостандыққа шығаруын талап ететіндері түсініксіз екенін айтқан. Ал ел-жұртты "Мудараба кэпитал"-ға ақша салуға үгіттемедім деп ақталған блогердің адал ақшаны дәл осы компания арқылы табуға болады деген жазбасы әлеуметтік желі де тарап кетті.
МЕЙІРЖАН ТӨРЕБАЕВ, блогер:
– Дозволено, прибыльно, хорошие дивиденды, так что приходите узнавайте, вкладывайте будьте в нашей команде вместе.
Естеріңізде болса, қаржы нарығын реттеу агенттігі 2020 жылдың қаршасында «Mudarabah Capital»-дың пирамида екенін ескертіп, Ішкі істер министрлігіне хабарлама жолдағанын Алматының полиция департаменті жоққа шығармап еді. Бірақ, полиция департаменті Бостандық ауданында қаралған қылмыстық іс салымшылардан арыз түспеген соң, жылы жабылып қалғанын да ашық айтқан болатын.
Әйгерім Ердәулет

Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31

#MudarabahCapital #салымшылар #наразылық
Рекомендации по теме
Комментарии
Автор

В Кыргызстане тоже есть "Ихсан"якобы жилищный кооператив, из 10тыс пайщиков получили 3, 5 тыс жилье, остальные не могут получить ни деньги ни жилье, тоже сдавали миллионами.Рекламировали звезды, даже сам экс муфтий. Несколько месяцев назад они получили у муфтията сертификат "халал", до этого перед носом виляли сертификатом какой то Бахрейнской организации о халяльности компании. Многие религиозные лица сами состоят в ихсане и ведут надзор над работой кооператива.Сейчас пока кормят завтраками, через пару месяцев у нас тоже начнут себя сжигать, законы не защищают пострадавших.

venusvenus
Автор

Почему наш народ несут деньги к финансовым пирамидам?! Сколько было их за 2 года, все позакрывали, они все несут и несут....

SuperErlan
Автор

Жумыссыздыктан шарасыздыктан халык осындай аферага барады кнали акшаны кайтасын сотталсын

ГульнаимСатпаева-кр
Автор

тез байыгысы келед а. онай акша тапкысы келед.

Алма-гц
Автор

Кудайау, судында сурауы баргой неге ойланбайды булар.

БаянЖанкабаева
Автор

Ай, аңқау қазағым-ай.Кәзір кім-кімге артық ақша берет, бір туғаның сұраса сол ақшаны бермейсің.Енді айдаладағы біреуге ұстата салдың.Сол ақшаны берерде барып сұрадыңдарма?сол заң орындардан.Сақал сұрап, мүйізден айрылып.Көп болса соталат, жазасын өтейт.Ақшаларыңды кім берет.

ОрынбасарАдилбеков-ьц