'Сәлем, Елорда!' | Солтүстік Қазақстан облысы | #13

preview_player
Показать описание
Ұлы даланың ұлы өнерін талғамы биік көрерменге ұсынуды мақсат еткен «СӘЛЕМ, ЕЛОРДА!» І республикалық фестивалінің бүгінгі бағдарламасы теріскей өңірінің солтүстік жолағында орналасқан Қызылжар өңіріне арналады.

Биыл Солтүстік Қазақстан өңірінің мәдениеті үшін ерекше жыл. Бойына сан түрлі қасиет тұнған, соңында өшпес өнеге, мол мұра қалдырып, елдікті жырлаған Ұлы дала перзенті, әнші-сазгер Үкілі Ыбырайдың 160 жылдығы, қазақ әдебиетінің классигі, академик - жазушы Сәбит Мұқановтың туғанына 120 жыл толып отыр.

Биыл облыс филармониясының 55 жылдық мерейтойына орай қазақ ән өнеріне өлмес олжа салған біртуар тұлға Ақан сері Қорамсаұлының есімі берілді. Қызылжардың өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдары алыс-жақын шет елдерді мойындатқан кәнігі мәдениет майталмандары.
Ендеше, қызылжарлық өнер шеберлерінің концертін қабыл алыңыздар!
Рекомендации по теме
Комментарии
Автор

Керемет, Ресейдеги туыстарга жибердым, риза болды, разметин айтып жатыр.

gulnarataizhanova
Автор

Тамаша концерт болды, үлкен рахмет филармонияның ұжымдарына!

АйдосАкылбеков-яз
Автор

Концерт 👍Петропавлға концертке барып келгендей болдым, молодцы, концерт на высшем уровне, так держать, Петропавл✊✊✊
Жарайсыңдар, Бұлбұл сіңлім😘💐💐💐👏👏👏

ДанашРамазанова
Автор

Керемет👍👍👍 Өте жоғары деңгейде!👏👏👏🌹🌹🌹🌹🌹 Өнеріміз өрге жүзсін!!!🤗

bulbulramazanova
Автор

Тамаша! Əрдайым өнердің шыңынан көрініңіздер!!!

ТендикКулмаганбетова-ъи
Автор

Қызырлы Қызылжар өңірінің өнері өрлей берсін!!!

КайырлыГафуров-фб