Муфаса: Арыстан Патша | Ресми жаңа дубляждалған трейлер | Қазақша фильм 2024

preview_player
Показать описание
«Муфаса: Арыстан патша» фильмінің ресми дубляждалған трейлері

Хэштег: #Муфаса #АрыстанПатша
Жанр: шытырман оқиға
Режиссер: Барри Дженкинс
Продюсерлер: Адель Романски и Марк Церьяк
Атқарушы продюсер: Питер М. Тобьянсен
Жаңа әндер: Лин-Мануэль Миранда

«Муфаса: Арыстан патша» фильмінде Прайд жерлерінің сүйікті патшасының шығу тегі мен қиын сапары көрсетіледі. Рафикидің Симба мен Наланың абданы Киараға айтып берген аңызына сүйене отырып баяндалатын хикая желісі бойынша, Муфаса атты жетім абдан Така есімді патша мұрагерінің жанашырлығы мен қолдауын тауып, екеуі қауіпті жауға қарсы бірге шығады. Тағдырларын өзгерткен бұл саяхатта олардың достығы нағыз сынға түседі. Көрермендер Тимон мен Пумбаны және олардың өз стиліндегі әйгілі әзілдерін де қайта тамашалай алады.

Фильмнің түпнұсқа дубляжында нағыз әйгілі актерлер ойнады: Доналд Гловер Симбаның рөліне, Билли Айкнер мен Сет Роген – Тимон мен Пумба рөлдеріне оралды. Мадс Миккелсон Киросты, Бейонсе Ноулз-Картер Наланы қайта сомдады, ал Блу Айви Картер – жасөспірім Киараны дыбыстады. Сондай-ақ ағылшын тіліндегі дубляжға Аарон Пьер, Келвин Харрисон кішісі, Джон Кани, Тиффани Бун, Кагисо Ледига, Престон Найман, Тандиве Ньютон, Ленни Джеймс, Аника Нони Роуз, Кит Дэвид, Брелин Ранкинс, Тео Сомолу, Фолаке Оловофойеку, Джоанна Джонс, Тусо Мбеду, Шила Атим, Абдул Салис және Доминик Дженнингсюндар қатысқан.

«Муфаса: Арыстан патша» фильмінің түпнұсқа әндерінің авторы – көптеген марапатқа ие болған және Disney-дің «Моана» мен «Энканто» анимациялық фильмдеріне ән жазған Лин-Мануэль Миранда.

Disney-дің "Муфаса: Арыстан патша" атты жаңа шытырман оқиғалы фильмі Қазақстан кинотеатрларында 2024 жылғы 20 желтоқсанда қазақ және орыс тілдерінде шығады.

#Муфаса #АрыстанПатша #Disney #ЖаңаТрейлер2024 #НеКөругеБолады #ҚазақшаФильм #ҚазақшаМультфильмдер #ЖақындаКинода #ДиснейФильмдері #QazaqshaSoile
Рекомендации по теме
Комментарии
Автор

Керемет сезім! Өз Ана тілімде фильм көріп, естіген әрбір сөздің құлаққа жағымды әсер ететіні қандай тамаша!

nk_gamedeveloper
Автор

Орыс тілі болмасын, тек қана қазақ тілде

ShavkatRakhmon
Автор

Әрине, қазақ тілін кинотеатрларда дамытқандарын өзім қатты қалаймын, бірақ дыбыстау ес білгелі тек нашар деңгейде және роботтар дыбыстап тұрған сияқты естіледі(орысша айтқанда неестественно)Осыған қатты көңіл бөлсе, қазақша дыбыстамадағы кино немесе мультфильм болсын, барып көруге әрдайым дайынмын және қолдаймын🙌🙌

nurjan_
Автор

Біз ғана тірі сериалы бар емеспа дыбыстаған 2025жылы 2сезон шығады дейді трейлері бар соған озвучка жасайсызба лайк басыңыздаршы автор көруі үшін

Erasyl-ly
Автор

Муфасаға балаларымды алып барғым келіп еді, онымен Атырауда қазақшасы шықпапты. Оның себебі неде екен?

TheAsem