Елімізде балық шаруашылығын ашу жеңілдеді. Qazaq TV жаңалықтары

preview_player
Показать описание
Елімізде балық шаруашылығын ашу жеңілдеді. Qazaq TV жаңалықтары

Мемлекеттік субсидия Алматы облысында балық шаруашылығының қанат жаюына ықпал етті.

Мемлекеттік субсидия Алматы облысында балық шаруашылығының қанат жаюына ықпал етті. Кәсіпкер Мәрлен Тұрсынәлі 10 жылдан бері Есік өзенінің жағасында патша балық өсірумен айналысып келеді. Ол басқаратын кәсіпорын жылына 200 тонна форель өндіреді.

Мәрлен Тұрсынәлі, кәсіпкер:

- Қазіргі жағдайда сол су жағаларына балық шаруашылығын өсіруге рұқсат беріліп жатыр. Біздің осы қазіргі деңгейде шешіліп жатқан бірінші сұрағымыз. Екінші сұрақ, балық шаруашылығын салуға кеткен шығындарды субсидиялау жасау. Қазір оны да шешіп жатыр.

Облыстың балық шаруашылығы комитеті арнайы бағдарлама әзірлеп, өңірде 2021 жылы 3700 тонна тауарлы балық өндіру жоспарын қойды. Алдағы жылы бұл көрсеткіш 6 мың тоннаға жетуі тиіс.

Алмат Сүйеубаев, Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы:

- Шабақ алатын болса 50% қайтарылады. Жұмсалған ақшасының жартысы кәсіпкерлерге қайтып беріледі. Жеңілдіктер бойынша жемге қазір 30% субсидия қарастырылып жатыр. Сонымен қоса қосымша да жеңілдіктер мемлекет тарапынан қарастырылуда.

Айта кетейік, Алматы облысында балық өсірумен айналысатын 25 шаруашылық бар. Қапшағайдағы Африка жайынын ұстайтын кәсіпорынның өзі жылына 10 мың тонна балық өндіреді. Алынған өнімнің 60% Ресейге экспортталады.

#Балықшаруашылығы #Алматыоблысы #Кәсіпкер #Африкажайыны

Qazaq TV: бізді спутниктік арна арқылы және Youtube, әлеуметтік желілерден көріңіздер. Видео астында пікір қалдыруды ұмытпаңыздар!

Qazaq TV: смотрите нас на спутниковом ТВ, в Youtube и социальных сетях. Оставляйте ваши коммментарии под этим видео.

Watch us on satellite TV, YouTube and social networks. Leave your comments under this video!

Qazaq TV арнасына жазылыңыз / Подписывайтесь на Qazaq TV / Subscribe to Qazaq TV

Біздің басты шоуларды көріңіз / Смотрите наши топовые шоу / Watch our top shows
Qazaq Golden Hits
Trails of Nomads
Байланыс аясынан тыс жерде

Рекомендации по теме
Комментарии
Автор

Бізді спутниктік арна арқылы және Youtube, әлеуметтік желілерден көріңіздер. Видео астында пікір қалдыруды ұмытпаңыздар!

JibekJolyTV