Сағыныш. Сөзі мен сазы: Талғат Атшыбаев. Орындаған: Бүркітбай Елбаев

preview_player
Показать описание
Сағыныш

Сөзі мен сазы: Атшыбаев Талғат Әскербайұлы

1. Шаттықпен көркем бұл әлем,
Өмірдің солай өрнегі.
Бір өзің жайлы мына мен,
Басамын сұлу пернені.

Кеудемді ашып кең сарай,
Сырласқан жоқпын ешкіммен.
Ақжайық, Ойыл, Жем солай,
Күнбағыс ғұмыр кештім мен.

2. Күннің де нұрлы шуағы,
Сыр бар ма түннен бүгілген.
Сезімнің сері бұлағы,
Бүлкілдеп бойда жүгірген.

Бақыттың бірге бал дәмін,
Жүргенде егіз татып көп.
Сағыныш сынды арманым.
Біз деген неткен бақытты ек?!

3. Бал ерін қанбай құмарым,
Қанша рет сонда байландым?
Адаспай тапқан сыңарын,
Ақ жүрегіңнен айналдым!

Жат көше, жат үй, жат қала,
Көрмедім жылдар неше мен.
Бәріне соның тек қана,
Бүгінгі куә осы өлең.
Рекомендации по теме
Комментарии
Автор

КЕРЕМЕТ ан Рахмет тамаша создер Ханшаим ❤

Ханшаим-
Автор

Иманды болсын жаткан жери жайлы болсын Талгат агамыз жаксы адам еди

АсхатТокеш
Автор

Керемет, ән ! Талғаттың әндері ерекше бөлек қой.! Жатқан жері жәйлі болсын!

gazizadosan
Автор

КЕРЕМЕТ ❤БҮРКІТ ІНІМ АЛҒА ҚАРАЙ САМҒАЙ БЕР! ӘНШІ МЕН ӘУЕН БІР-БІРІН ТАПҚАНДАЙ

Берик-шч
Автор

Оте адеми орындау!
Сәттілік тілеймін!
Баксулу апайдың
Аман жур!

БаксулуИкембай
Автор

Жатқан жерің жайлы болсын, ақ дос! Әнің қандай тамаша еді!

АлдабергенСарсеков-йв
Автор

Super КРЕМЕТ ТАЛГАТ АГаМЫЗДЫН жатканжери жарык босын

ЕрболТасмаганбет
Автор

Интернеттен таппадым, кайдан скачать можно? Билсениздер жазыныздаршы

chge