Сәбит Дөнентаев - Бірлік

preview_player
Показать описание
Әуелі етіп бірлік басыңды қос,
Сонан соң әр мұраттан қалмассың бос.
Жеке дағы үнің шықпас, ісің бітпес,
Жан қорқып, жалғыз қурай көрініп қос.

Деген бар бұрыннан-ақ «көп қорқытар ...»
Болады тұрсаң тұтас дұшпан да дос.
Алатауың ала болып тұрған күнде,
Асыңның аузыңдағы кетуін тос.

Таласты алалықпен тастамасаң,
Бір күні туған жерге айтарсың «қош».
Бірлікпен илеу салған құмырсқа,
Қазағым, ісің оңбас бірікпей қос.

#қазақпоэзиясы
Рекомендации по теме