Жүректі тербеткен ән-ғұмыр

preview_player
Показать описание
Оралдағы Назарбаев Зияткерлік мектебі және Батыс Қазақстан облыстық іскер әйелдер қауымдастығының ұйымдастыруымен қазақ вальсінің королі, композитор Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған «Ән-ғұмыр» балы өтті.

«Сыр сұлуы», «Ана туралы жыр», «Тамды аруы», «Сағынышым менің», «Теріскей», «Сүймегендер сағынбайды», «Сыған серенадасы», «Ақ маңдайлым» – бұлардың бәрі жүрекке жақын, жан сарайын ашатын әуендер.
«Қазақ әндері» жобасы аясындағы балында өңірдің танымал жұлдыздары композитор шығармаларын орындаса, мектеп қызметкерлері, оқушылар, ата-аналар және кеш меймандары вальс толқынында тербетіле биледі. Мектепішілік драма үйірмесінің шәкірттері бұл күні композитордың дара жолын театрландырылған қойылым арқылы бейнеледі.

– Шәмшінің әнімен жабырқаған көңіл жұбанып, тәтті лирикалық әуен әсемдікке, жан парасатына жетелейді. «Қазақ әндері» жобасы оқушылардың әндерді қазақ тілінде орындауы арқылы сөздік қорын толықтыруға, эстетикалық мәдениет пен вокалдық талғамды қалыптастыруға ықпал етеді. Ал вальс биі талғам мен нәзіктікті, ырғақ пен үйлесімді сезінуге үйретеді, – дейді мектеп директоры Айдарбек Айтпукешев.

Сәні мен салтанаты, шеберлігі мен үйлесімі келіскен жұптарды анықталып, түрлі аталымдар бойынша үздіктер марапатталды.
Рекомендации по теме
Комментарии
Автор

Керемет кеш болған, , талантты адамдар өнердің қай саласын болсын меңгеріп кетеді!👍👍

ЖакенМаева-ть