Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында жаңа демалыс саябағы ашылды

preview_player
Показать описание
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында Республика күніне тарту ретінде жаңа демалыс саябағы ашылды. Күйбең тірліктен шаршаған тұрғындардың бір сәт келіп, тынығатын паркін жеке кәсіпкер өз қаражатына салған. Демалыс орнының ашылу салтанатына облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев та қатысты. Одан бөлек әкім аудандағы халықпен кездесіп, көпшіліктің мұң-мұқтажын тыңдады.
Мереке қарсаңында пайдалануға берілген саябақта тұрғындардың демалуына арналған түрлі аттракциондар, субұрқақ, жазғы сахна, балалардың ойын алаңдары да бар. Халық игілігіне берілген демалыс орны көпшіліктің көңілінен шықты. Жобаның жалпы құны 790 миллион теңге. Ал саябақты өз қаражатына ашқан кәсіпкер Марлен Ысқақов алдағы уақытта демалыс орнын кеңейтетінін айтады.
МАРЛЕН ЫСҚАҚОВ, Кәсіпкер:
– Болашақта 290 миллион теңге салынады. Оның ішінде Неке сарайы салынады. Үлкен көлемде балалар демалыс орны салынады. Кафе дейді ғой.
НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ, Қызылорда облысының әкімі:
– Ертең мына жердің бәрі көгалданады. Үлкен кісілер, ағаларымыз келіп демалатын болады. Осын жерге келіп әңгіме айтып отыратын боласыздар. Өте жақсы бастама
Саябақтың ашылу салтанатына келген облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев одан бөлек аудан халқын жеке қабылдады. Жұртшылықпен кездесуде әкіммен бірге құзырлы орган басшылары да болды. Онда тұрғындар өздерін толғандырған түйіткілді мәселелерін ортаға салып, оны шешу жолдарын талқылады.
БАЛНҰР ҚҰДАЙБЕРГЕНОВА, Жаңақорған ауданының тұрғыны:
– Алаяқтық мәселесі бойынша келдім. Келіп прокурормен сөйлестім. Тергеушімен сөйлестім. Тергеушілердің айтуынша тергеу жүріп жатыр. Енді шешілетінін айтты. Ендігі аптаның сәрсенбісіне дейін шешілетін болды.
Тұрғындар көбіне баспана, жұмысқа орналасу, кәсібін кеңейту, инфрақұрылым, қоғамдық көлік мәселелерін көтерді. Бұл бойынша аудандағы 65 азаматтың өтініші қаралды. Айта кету керек, бұған дейін облыс әкімінің тапсырмасымен өңір басшысының орынбасарлары мен құқық қорғау органдары басшыларының орынбасарлары әр ауданда бір күн бойы жеке қабылдаулар өткізген.
Абай Нұржанұлы

Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
Рекомендации по теме
Комментарии
Автор

Ассалаумағалейкүм маладес Марлен брат Алла қаласаенді Алматыдағы көктөбедегідей канатныйжол салсаңыз сосын Астанадағы стадион аренаны осы өзіміздің Жаңақорғанға жасаптастасаңыздар күшті болареді Алла қаласа Жаңақорған кереметжер Еліміз тыныш болсын

НурасылАскарбек-ро
Автор

Жаңақорған алға
Еш ауданнан қалма
Жайнай бер жаңақорған

KULAMKADIRDOSZHAN