Adam - Ойлама | Jibek Joly music

preview_player
Показать описание
Айтшы, есіңде ме?
Әлі естіле ме?
Өткен бал күндер,
Сол бақыт үндер.

Айтшы , есіңде ме?
Әлі естіле ме?
Өткен бал күндер,
Сол бақыт үндер.
Сағынсамда келмейсің,
Жүректі емдемейсің,
Емсіз бір сезімдей,
Үнсіз бір әлемдей .

Сезімге таланғандай ,
Бөлшектеп тастағандай ,
Сыздап бір жаурағандай,
Емін табалмаған бір жандай,

Емсіз бір сезімдейсің,
Үнсіз бір әлемдейсің,
Ойламай емделмейтін,
Көңілдің төріндесің.

Мен болсам көз ілмейтін.
Сенсіздікке көнбейтін.
Өзгеге мән бермейтін.
Керек емес, ой ғана.

Гүлім енді мені ойлама,ойлама.
Сөніп барар сезім жәй ғана,жәй ғана.
Жүрегіммен менің ойнама,ойнама.
Сенімен қалар тек бір ой ғана,ой ғана.

Айтшы, есіңде ме?
Әлі естіле ме?
Өткен бал күндер,
Сол бақыт үндер.
Сағынсамда келмейсің,
Жүректі емдемейсің,
Емсіз бір сезімдей,
Үнсіз бір әлемдей.

Арайлап атар таңдарда,
Сені ойлап мен арманда гүлім,күнім.
Жаралы жүрек жалғанда,
Сыр берер жалғыз қалғанда сырым,жырым.

Арайлап атар таңдарда,
Сені ойлап мен арманда гүлім,күнім.
Жаралы жүрек жалғанда,
Сыр берер жалғыз қалғанда сырым,жырым.

Гүлім енді мені ойлама,ойлама.
Сөніп барар сезім жәй ғана,жәй ғана.
Жүрегіммен менің ойнама,ойнама.
Сенімен қалар тек бір ой ғана,ой ғана.

Айтшы есіңде ме?
Әлі естіле ме?
Өткен бал күндер,
Сол бақыт үндер,
Сағынсамда келмейсің,
Жүректі емдемейсің,
Емсіз бір сезімдей,
Үнсіз бір әлемдей.

#JibekJolymusic #adam #Ойлама
Рекомендации по теме
Комментарии
Автор

Мерейлі Меркінің мейірімді жігіті екесің. Дауысың нағыз қоңыр дауыс. Атыңа затың сай, дауысың халыққа жай екен. Тұла бойың тәрбиеге тұнып тұр, сөзің мен ісіңе сай жігітті жаным жақсы көреді. Ата- анаңа мың алғыс. Өсе бер, бар әлемді тесе бер. ( жарқырата бер)

ЖадыраНиязкулова
Автор

Осындай Ер мінезді қоңыр дауыс өте жағымды !! Өнеріңіз шыңдала берсін, Рахмет !

dolcegabbana-
Автор

не деген Дауыс!!! Керемет!!! Бравоооо!!! Европа сапарына Ак жол!!!

ЛаураКазимова-кь
Автор

ҚАЗАҚ ТІЛІМ ЖАСАЙ БЕРСІН МӘҢГІЛІК🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿

bibinur
Автор

Рахмет бауырым Аллаһ қолдасын жаңа жұлдыз туды . Қашанғы сайқымазақтарды тыңдаймыз

АмангалиЕсимов
Автор

Дауысыңыс ап әдемі, құлағыма сондай жағады екен! Көп жаса, Адам!

to-est-zhizn
Автор

Қазақ тілі дамып барлық әлем сөйлеп кетсін қазақ тілінде ✅😊👍

Dake.
Автор

Жарайсың бауырым ешкімнен енштеңе ұрламай"өз еңбегімен жеткен жетістігі берекелді болсын!!!

СаяжанУмирзаков
Автор

Мяяя, дауысына базар жоқ 🔥🔥🔥 Нағыз еркек дауыс, Азан шақырып, Құран оқитын дауыс екен. Тек биіктен көріне бер бауырым 💪💪💪🔥🔥🔥

AinurKenzhebekova-qr
Автор

Қазақ тілінің бір күші бар. Арнасы ашылғандай

hdb
Автор

🔥🔥🔥 Барлық қазақша әндерің хит болатын сияқты ғой🔥🔥🔥

ШолпанКантемирова
Автор

Дауысы мықты екен! Европаны әндерімен жаулап алсын!

АйжанМелдебек-дю
Автор

Даусы да, өзіде өте сабырлы жігіт! Алла Тағала қолдасын сені! Тек биіктерден көріне бер! Қазақтың осындай әдемі әндері көп болсын! Адам тек алға!❤👍👏🤲

sholpankodarbekova
Автор

Қоңыр дауыс. Керемет. Алла қолдасын, жар болсын. Биіктерден көріне бер 😊😊

ОляТураходжаева
Автор

Фарух әнді керемет әдемі айтқансың ташкентен салем саған Алла тағалам сені қолдаб журсін

Tolik-agon
Автор

MaşəAllah möhtəşəm oxuyursuz. Var olasız 😊

miray
Автор

Керемет дауыс, жүректен жүрекке жетті.Тек биіктен көріне бер, алла қолдап, жебеп жүрсін .

ЗамираЖолшиева
Автор

Керемет! Ерекше дауыс! Қазағым жасасын❤

АбдуалиеваГульназ
Автор

Каждый раз смотрю на него и вижу стиль…он чувствует его и в одежде и в музыке ❤

ЮтаКушхова
Автор

Ма шаа Алла, Аиналаиын Фарух балам аман бол, Аллам жар болсын, ата анаң жатқан жерлері жаилы болсын

gulagulzhan