Мәжіліс Спикерлігіне Ерлан Қошанов Келді

preview_player
Показать описание
1 ақпан күні мәжілістің жалпы отырысында қазіргі спикер Нұрлан Нығматулин парламенттің төменгі палатасының төрағасы қызметінен кету туралы өтініш берді. Депутаттар отставканы мақұлдап, бірауыздан келісіп дауыс берді.
ОСК Мәжіліс депутаты Нұрлан Нығматулиннің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс енгізді.
Оның орнына палатаның жаңа басшыны тағайындау мәселесі қарастырылды. Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы бүгін Ерлан Қошановты мәжіліс депутаты ретінде тіркеді. Нәтижесінде Мәжіліс депутаттары бірауыздан жаңа спикер ретінде Ерлан Кошановты сайлады.
Қошанов 2019 жылғы қыркүйектен бастап қаңтарға дейін Президент әкімшілігінің басшысы болды. Бұған дейін 2017 жылғы наурыздан бастап Қарағанды облысының әкімі лауазымын атқарды, ал бұдан бұрын – 2012 жылғы ақпаннан бастап премьер-министр кеңсесін басқарды.
Өкілеттілігін тоқтатқан Нығматулин Назарбаев пен Тоқаеқа қатар алғысын білдірді.
– Биыл мәжіліс спикері болғаныма 10 жыл толып отыр. Үш шақырылым төраға болдым. Бұл, әрине, аз уақыт емес. Осы уақыт ішінде, еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық өміріне белсене араласып, елімізге, халқымызға қажетті, сапалы заңдар қабылдау жолында бірлесіп, аянбай еңбек еттік.
Бұл жолда, ең алдымен, Елбасымыз, «Nur Otan» партиясының негізін қалаушы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа, қазіргі Мемлекет Басшысы, партиямыздың Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа маған осы жылдарда бірнеше лауазымды қызметті сеніммен тапсырып, әрқашанда қолдау көрсеткені үшін, шын жүректен алғысымды білдіремін, – деп мәлімдеді бүгін пленарлық отырыс барысында Нұрлан Нығматулин.

Сілтеме:
Рекомендации по теме