filmov
tv
«Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы – табысты болашақ жобасы
Показать описание
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы – табысты болашақ жобасы
ҚазҰУ-дың «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы - өзінің құрылымы және «бір терезе - бір кеңсе» қағидасы бойынша көрсетілетін қызметтерінің көп функционалдығымен ерекшеленетін, әлемде толыққанды аналогы жоқ, ірі университеттік қызмет көрсету орталығы.
Ол ұлы ғұлама әбу Насыр әл-Фарабидің қайырымды қала туралы көзқарастарына негізделген ірі инновациялық «Al-Farabi university smart city» жобасы аясында ашылған.
«Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы – ұжымдық өзара түсіністік, жоғары этикалық стандарттар, әлеуметтік жауапкершілік және заманауи ақпараттық технологиялар көмегімен әлеуметтік маңызды қызметтердің сапалы жаңа деңгейі енгізілетін, нағыз қайырымды үй.
Жайлы, сәнді безедірілген және барлық жағдай жасалған залдарда студенттердің кез-келген мәселелері әрдайым, жедел және қуанышпен шешіледі, сондай-ақ, оқу-ағартушылық, медициналық, мәдени-демалыстық бағыттағы 500-ден қызметтерді көрсетеді.
«Керемет» - «бір терезе» қағидасы бойынша өз қызметтерін: тіркеуші кеңсесі, студент кеңсесі, халықаралық академиялық мобилділікті қамтамасыз ету секторы, әскери-жұмылдыру бөлімі, төлқұжат үстелі, бухгалтерлік есепке алу және есептілік бөлімі, электрондық үкімет зонасын ұсынады. Мұндағы қызметтердің 90 % электрондық форматта көрсетіледі.
Алғашқы медициналық-санитарлық көмек алу үшін және 10 медициналық бағыт бойынша скринингтік зерттеуден өту үшін студенттер мен университет оқытушылары Халықаралық Қазақстан-Корей диагностикалық орталығының қызметтеріне жүгіне алады. Диагностикалық орталық диагностика жасаудың ең жоғарғы деңгейін қамтамасыз ете алатын жаңа медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Мұнда Енсе корей университетінің Кангнам Северанс клиникасында тәжірибеден өткен кәсіби білікті дәрігерлер жұмыс жасайды.
Университетті аяқтай отырып студенттер жұмысқа орналастыру бойынша Мәнсап және бизнес орталығы қызметкерлерінен қолдау таба алады. Орталықта жұмыс берушілер мен іздеушілердің ортақ базасы шоғырланған.
Университеттің өз студенттерін қолдаудағы және оларға деген әлеуметтік жауапкершілігінің негізгі айғағы - тұтынушылық талаптарын қанағаттаныдаратын тұтынушылық тауарлардың толық ассортиментін ұсынатын, әлеуметтік дүкеннің ашылуы болып табылады. Студенттерді мұндағы бағаның нарық бағасынан 10-15% төмен болуы ерекше қуантады.
Кампус аумағынан шықпай-ақ, студенттер «Кереметтегі» дәріхана, банк, Қазпошта, заңгер, нотариус, кітап дүкені, кеңсе тауарлары дүкені, фотостудия, кір жуатын орын, студенттік кафе, сән салоны, ателье, аяқ-киім жөндеу, және имидждік өнімдер салонының қызметтерін ала алады.
Студенттер уақыттарын кинонтеатрда және студенттік кафеде қызықты өткізе алады, ал Жастар коворкинг орталығы студенттердің шығармашылық жобаларын қолдауға әрдайым дайын. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы – қайырымды қоғам азаматтарын жасақтайтын, болашаққа жасал¬ған табысты жоба!
#SSC_Keremet #AlFarabiUniversity #TRCKazNU