filmov
tv
Өрт қаупін алдын алу шаралары басталды

Показать описание
Күз мезгілінде Алматы облысының табиғатты қорғау құрылымдары қызметтерін күшейтеді. Өйткені бұл уақытта өрт шығу қаупі басым.
«Қаз Әуе Орман қорғау» мекемесінің ұшқыштары қорғалатын аумақты күнде тексереді. Сондай бақылау шарасына тілшілеріміз де қатысты. Балқаш көлі маңайында өрт шығу жағдайы болмады. Алайда біздің тілшілер заңсыз балық аулау әрекетінің үстінен түсті.
Орман өрті мен заңсыз аң аулаушыларды анықтауда әуеден жүргізілетін бақылаудың тиімділігі орасан. Әуеден бақылау арқылы кез келген өрт шалған жерлерді білуге болады. Биыл Балқаш көлі атырабында, жаз айларында дала өртену деректері тіркелген жоқ. Бірақ күзде шөп құрғап, қурайды. Сондықтан өрт қаупі де арта түседі.
Жанат Байжанов, «Қаз әуе орман қорғау» ММ қызметкері
-Биыл жаз жаңбырлы болып, өрт жалындаған жағдай болған жоқ. Есесіне шөп бітік шықты. Енді қазір бәрі қурап жатыр. Сондықтан осы кезде өрттің алдын алуымыз керек.
Белгілеген аумақты әуеден бақылау кезінде заңсыз балық аулаушылар көзге шалынды. Іле өзенінде жүзген екі кеме 700 метрлік аумен балық аулаған. Балық инспекторларының айтуынша, дәл осындай ауқымда бұл маңда ешкім балық ұстауға шықпаған екен.
Инспекцияның құрығына ілінгенін түсінген балықшылар айғақ заттардан құтылуға әрекет жасады. Дереу қашпақ болған олардың жолын инспекцияның моторлы қайығы бөгеді. Анықтай келе, заңсыз балық аулап жүргендер Балқаш балықшылары болып шықты.
Екі кеме, үш қайық пен балық ұстауға арналған ау тәркіленеді. Сонымен бірге заңды өрескел бұзған балықышылар қомақты айппұл салынады.
Леонид Сидоренко, Орман шаруашылығы және жануарлар әлемін қорғау аумақтық инспекциясының аға инспекторы
-Бұлар – кәнігі балықшылар. Балқашта балық ұстауға рұқсат беретін құжаттың көшірмелері бар. Бірақ Іле өзенінде аумен балық ұстауға ешқандай рұқсат жоқ. Сондықтан олар заңды бұзып отыр.
Айналаны әуеден барлап шыққан соң Балқаш ауданының орталығы Бақанастан 20 шақырым жерде, Іле өзенінің бойында орналасқан әуе базасына оралды.
Өрт қауіпі жоғары мезгілде тікұшақпен бақылау шаралары күнде өткізіледі. Соның арқасында былтыр қыр мен тау бөктерінде орман өртену жағдайы 50 пайызға азайған.
Авторлары: Алмас Садуақас, Асқар Серғалиев, Сержан Жұмабаев