ҚАЗҰУ-ДЫҢ ЖАҢА КӨРІКТІ ЖЕРЛЕРІ: «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ЖӘНЕ «ТАЙҚАЗАН» СУБҰРҚАҚТАРЫ

preview_player
Показать описание
Құрметті көрермендер, Сіздердің назарларыңызға "ӘЛ-ФАРАБИ АТ. ҚАЗҰУ-ДЫҢ ЖАҢА КӨРІКТІ ЖЕРЛЕРІ /
НОВЫЕ ДОСТОПРИМЕЧАТЕЛЬНОСТИ КАЗНУ ИМ. АЛЬ-ФАРАБИ" атты жаңа жобаны ұсынамыз.
Бұл шағын роликтерден Сіздер соңғы уақытта ҚазҰУ қалашығында тұрғызылған жаңа көрікті жерлермен танысатын боласыздар.

НОВЫЕ ДОСТОПРИМЕЧАТЕЛЬНОСТИ КАЗНУ ИМ. АЛЬ-ФАРАБИ: ФОНТАНЫ «МӘҢГІЛІК ЕЛ» И «ТАЙҚАЗАН»

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ЖӘНЕ «ТАЙҚАЗАН» СУБҰРҚАҚТАРЫ
Ресми атауы: ҚазҰУ-дың «Мәңгілік Ел» және «Тайқазан» субұрқақтары
Сипаттамасы: Бұл нысандар Әл-Фараби даңғылы мен Тимирязев көшесін байланыстыратын ҚазҰУ студенттік кампусы аумағында тұғызылған «Мәңгілік Ел» сәулеттік кешенінің негізгі композициялық бөлшектерін құрайды.
«Мәңгілік Ел» және «Тайқазан» субұрқақтарының көлемі мен құрылымы әртүрлі. Дәстүр бойынша бірлік пен ынтымақты, тұрақтылық айқындайтын «Мәңгілік Ел» субұрқағы университеттің бас ғимаратының алдындағы Әл-Фараби алаңына орнатылған. Пішіні дөңгелек тәрізденіп, бірнеше шеңберді құрайды. Үш деңгейлі бұл субұрқақ музыка ырғағымен қозғалатындықтан «биші субұрқақ» деуге болады. Сонымен қатар, түсі түнгі уақытта түрлі-түсті реңктерге өзгеріп, көрген жанды өзіне тартып тұрады.
«Мәңгілік Ел» субұрқағының жалпы аумағы: 154 шаршы метр.
Атқылаған судың биіктігі: 8 метр.
Жасалған материалы: негізі гранит, темір құрылым.
Ашылған уақыты: 25.05.2018 жыл.
Молшылықты, бірлікті білдіретін «Тайқазан» субұрқағы «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығының алдындағы алаңға қойылған. Бұл субұрқақтың ерекшелігі, ортаға бірінің үстіне-бірі қойылған үш түрлі көлемді қазандағы сулар бірінен-біріне құйылып тұрады және оны жағалай шығыстық күнтізбедегі жан-жануарлардың шағын мүсіндері көрініс тапқан.
«Тайқазан» субұрқағының жалпы аумағы: 118 шаршы метр.
Атқылаған судың биіктігі: 4 метр.
Жасалған материалы: негізі гранит, қола және темір құрылым.
Ашылған уақыты: 25.05.2018 жыл.

#ҚазҰУФонтандары #AlFarabiUniversity #TRCKazNU
Рекомендации по теме