САРАПШЫЛАР ҚР ҒЖБМ АЛҚА ОТЫРЫСЫНЫҢ АЯСЫНДА ҒЫЛЫМ,ЖОҒАРЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ТІЛ САЯСАТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

preview_player
Показать описание
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы аясында үш панельдік секция өтті: «Іргелі ғылыми зерттеулерді қаржыландыру тетіктерін талқылау», жоғары білім беру мәселелері бойынша екінші секциялық отырыс, «ҚР-да тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жолдары», сондай-ақ ғылым, жоғары білім және тіл саясаты мәселелері жөніндегі ҚР ҒЖБМ Қоғамдық кеңесі.

Секция жұмысына ҒЗИ директоры және ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки қатысты. Бірінші секцияда Зоология институтының директоры Роман Ященко және Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры Зиябек Кабульдинов зоологиядағы іргелі ғылыми зерттеулердің сұрақтарын қарастырды: мәселелері мен перспективалары, отандық тарихты зерттеу саласындағы іргелі зерттеулердің негізгі трендтері.

Жоғары білімнің секциялық отырысы кезінде министрліктің жоғары оқу орындары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының өкілдері өз баяндамаларын жасады, содан кейін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды озық даярлау, жоғары білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ студент жастарды әлеуметтендіру, статистика мен мониторингті қалыптастыру мәселелері бойынша ұсынымдар берілді.

Осылайша, барлық жоғары оқу орындарына инклюзивті білім беру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету, жетекші шетелдік университеттердің филиалдарын ашу бойынша жұмысты жандандыру, еңбек нарығының талаптарын, сондай-ақ жасанды интеллектті қолдануды ескере отырып, кәсіптік стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын жаңарту және өзектендіру тапсырылды. Сонымен қатар, техникалық университеттер инженерлік білім беру тұжырымдамасын әзірлеуді қамтамасыз етіп, РОӘК-ке ұсынуы қажет, ал педагогикалық университеттер – 2024-2025 оқу жылының басынан бастап Дүниежүзілік Банктің «Орта білім беруді жаңғырту» жобасы шеңберінде әзірленген білім беру бағдарламаларын табысты іске асыруды ұйымдастыруы керек.

#enu #enufamily