«Муфаса:Арыстан патша» қазақша сөйлеуде

preview_player
Показать описание
"Муфаса: Арыстан патша" фильмінің дубляжы туралы арнайы бейне

Бас кейіпкерлерге қазақ тілінде өз дауыстарын сыйлағандар:

•⁠ ⁠Актер Ерасыл Мұхамадиев — Муфаса
•⁠ ⁠Актер Бақтияр Байсерік — Пумба
•⁠ ⁠Актер Дулыға Ақмолда — Рафики
•⁠ ⁠Актер Асан Мәжіт — Кирос
Қазақ тіліндегі вокалды партияларды орындағандар:
•⁠ ⁠Актер Abik Jeksen — Муфаса
•⁠ ⁠Әнші Динара Сұлтан — Сараби
•⁠ ⁠Музыкант Jaman T — Таир Сахиев — Жас Рафики
•⁠ ⁠Әнші Ace — Зазу
Қазақ тіліндегі дубляж режиссері және Таканың сөзі мен әндерін орындаған — Шах-Мұрат Ордабаев. Музыкалық жетекші — Әнел Сіргебаева.

Бас кейіпкерлерге орыс тілінде өз дауыстарын сыйлағандар:
•⁠ ⁠Режиссер, актер Шах-Мұрат Ордабаев — Таканың әндері мен сөздері
•⁠ ⁠Әнші Әлішер Егембердиев — Зазудың сөзі мен әндері
•⁠ ⁠Әнші, тележүргізуші Нұрлан Абдуллин — Рафики
•⁠ ⁠Евгений Шагаров —Масегоның сөздері мен әндері
Орыс тіліндегі әндерді орындағандар:
•⁠ ⁠Актер Abik Jeksen — Муфаса
•⁠ ⁠Әнші Динара Сұлтан — Сараби
•⁠ ⁠Опера әншісі Зарина Алтынбаева — Афия
•⁠ ⁠Музыкант Jaman T — Таир Сахиев — Жас Рафики
•⁠ ⁠Әнші, композитор Байболат Сандыбеков — Кирос
Орыс тіліндегі дубляждың музыкалық жетекшісі — Александр Шевченко.

Рафики Симба мен Наланың қызы Киараға барша жануарлардың сүйікті патшасы Муфасаның шығу тегі жайлы хикаясын баяндайды.
Бұл хикая адасып, ата-анасынан айырылып қалған кішкене Муфаса жайлы. Ол патша әулетінен шыққан Така есімді абданды жолықтырып, оның қолдауына ие болады. Бұл кездейсоқ таныстық нағыз шытырман оқиғаның басталуына себеп болады. Қатерлі әрі зұлым дұшпанмен бетпе-бет кездескенде достық сыналады. Сондай-ақ көрермендер Тимон мен Пумбаны және олардың ерекше қылықтарын көре алады.

Disney-дің жаңа шытырман оқиғалы «Муфаса: Арыстан патша» фильмі Қазақстанның кинотеатрларында 2024 жылдың 19 желтоқсанынан бастап қазақ және орыс тілдерінде көрсетілетін болады.