Құтқарушыларымен психологиялық тренинг ұйымдастырылды

preview_player
Показать описание
Тараз қаласы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің от жауынгерлерiмен «Стресстен арылуға және ұжымдағы ауызбiршiлiктi арттыра отырып топпен жұмыс жасауды дамыту» тақырыбында тренинг өтті. Аталған шараны Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің психологы, азаматтық қорғау подполковнигі Назира Ақылова мен М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік универстетінің әлеуметтік психология кафедрасының 3 курс студенттері өткізді. Жеке құрам бір сәтке күрделі әрі қауіпті қызметтен сергіп, эмоционалды қысымнан арылды. Айта кеткен жөн, аталған үрдіс одан әрі жалғасын таппақ.