Бала тәрбиесіне қатысты бүгінгі күннің басты тақырыбына арналған бағдарлама үшін рахмет айтамыз. Алмагүл Батыршақызына жұмысында сәттілік тілейміз🌷
ЖанарАлтынбекова-фт
Алмагүл Батыршақызы, жұмысыңызға шығармашылық табыстар тілеймін
ПеризатНуркеева-бх
Отбасы тақырыбын қозғағандарыңыз құптарлық іс керемет!
ГульжанКаламбаева-ъв
Өте маңызды тақырып қозғалды. Ары қарай өз шешімін таба берсін. Бала тәрбиесі баршамызға ортақ. Алмагүл Батыршақызы өз ісінің маманы. Мектепке дейінгі ұйымда қызмет атқарды, тәрбиешілерге биязы мінезімен, білікті іс-әрекетімен үлгі болып, жол көрсетіп отырды.
ЖанарСерікбай
Өте керемет тақырып. Алмагүл Батыршақызың балабақша тәрбиешілеріне әдіскер ретінде беріп отырған жан жақтылыққа үйретуі яғни баламен жеке жеке жұмыс жасауына дамытушылыққа тәрбиелеуде беріп отырған нұсқаулықтары керемет. 👌👏
АйгүлТажибаева-вя
Сұхбатта қоғамымыздың ең өзекті мәселесі - бала тәрбиесі туралы жақсы пікірлер айтылды. Ең басты тәрбие - отбасы тәрбиесі болып табылады. Сондықтан ата -аналар бала тәрбиесіне баса назар аударса екен деген тілегім бар. Балалар - біздің болашағымыз.
Қоғамның беталысы, бағыты сол біздің ұрпақтарымызға байланысты. Сондықтан да балаларымыздың қабілетін танып-біліп, соны дамыта түсейік.
Жаманнан жирендіріп, жақсы нәрсеге бағыттап отырайық.
СарсенкульАккалова
Алмагул Батыршақызы мектепке дейінгі ұйымда қызмет атқарды. Негізгі балабақша Тәрбиешілері туралы өте керемет маңызды мәселелерді талқылады. Тәрбиеші , бала, ата -ана бір-бірімен өте тығыз ұғым.Өте өзекті мәселелер айтылды.Еңбегіңіз жемісті болсын.
КарлыгашБейсекова-сс
Отбасындағы бала тәрбиесі туралы керемет сұхпат болды.
ПаридаТанирберген
Қазіргі кездегі ең қажетті әрі өзекті мәселе қаралыпты .
Барлық қатысушылар өте түйінді, қажетті әңгімелер жүргізген.
Белгілі суырып салма ақынымыз Әселхан анамыздың ұрпағы, ақылды қызы өте керемет жүргізуші болыпты.
Елімізге жанашыр бүгінгісі мен ертеңіне уайымдайтын, жанашыр осындай тұлғалар өте көп бола берсін!
Өмір бойы десек те болады.
Барлық күш- жігерімізді осы білім саласына жұмсадық.
Сұрақтар да нақты әрі жауапты болды.
Содан түйген түйінді ойларыңды өте керемет жеткізе білдіңдер.
Дұрыс айтасың!
Тәрбие тал бесіктен яғни отбасынан басталады.
Тәрбиесі ана сүтімен келеді деген де сөз бар.
Ананың атқарар рөлі ерекше.
Балаларымыздың өмірден дұрыс жол тауып, дұрыс кірпіш болып қалануына әке мен ана жауапты.
Десек те, балабақша мен мектептегі тәлімгер ұстаздарына да көп байланысты екенін ешкім жоққа шығара алмас.
Ата- ана, ұстаз, бала осы үшеуінің арасындағы сабақтастық болу керек.
Әр ата ана үшін, ұстазы биік тұлға болғаны шарт.
Әрқашан хабарласып ортақ мәміледе жүргендері дұрыс.
Мектепке, балабақшаға беріп тәлімгерлерімен, сынып жетекші, пән мұғалімдерімен мүлде араласып, хабарласпайтын ата- аналар да болады.
Бала- бауыр етің.
Ертеңгі сенің өмірінің гранты.
Сондықтан баламен сырлас болып күнделікті тіршілігімен тығыз байланыс орнатқан да ғана, жетістікке жететінімізді өмірдің өзі дәлелдеп отыр.
Шаркүль, жаным, сен біздің мақтанышымызсың!
МерейКаирбеков-яц
Керемет!
Алмагул Батыршақызы ізденгіш, жоғары қабілетті қандай іс болсын барша ынтасымен атқара білетін ұлағатты ұстаз❣💕💕💕
-
Психолог Самал ханымның айтқаны өте орынды, жарайсыз👏👏👏
ЗамираБайманова-чй
Отбасында балаға берілетін тәрбиенің құндылығы туралы Шаркул апай өте дұрыс айттыңыз себебі отбасында баланың шындығында әкеге деген құрметі жоғары болуы тиіс, бізді анамыз әкеңнен сұра, әкең біледі, әкең жұмыстан келеді дегенде біз орнымыздан тұрып қарсы алатынбыз, бізді отбасында солай тәрбиеледі, балаға берілген тәрбие ол еліміздің болашағы сондықтан бала тәрбиесіне көп көңіл бөлген дұрыс, Фариза ханым қызметіңізге сәттілік тілеймін.
ШырынПернебай
Шәркүл, жаным, керемет. Мына сұқбат өзекті мәселе Бала тәрбиесі туралы екен. Сенің пікіріңе қосыламын. Тәрбие-отбасынан басталады. Әке көрген-оқ жонар, шеше көрген-тон пішер деген нақыл бар. Тәрбие-отбасынан басталады деген. Құрметті айтыскер ақын Әселхан апамыздың тәрбиесін алған Фариза қызымыздың еңбегі жана берсін, халқына, ұлтына еңбек ете берсін.
ЕрболБеркинбаев-ъя
Алмагүл Батыршақызы мектепке дейінгі ұйымда қызмет жасап, баланың қыр-сырын жан жақты меңгерген маман.
Еңбегіңіздің жемісін көріп,
биіік белестерді бағындыра беріңіз.
РайханДилдаханкызы
Өте маңызды тақырып көтерілген! Керемет сұхбат болды деп ойлаймын 👏
saltanatborykbayev
Шарагүл апайымыздан әлі қол үзбедік ең алғашқы шәкірттеріміз қарапайым, ақылына көркі сай, әліде бізге жақсы кеңестерін беріп отырады, жасымыз53-54-келдік жан-жақта болсақта біз ол кісі әлі бала, шәкіртпіз, жақсы көреміз, балаларының қыхзығын көріп, немерелерін тәрбиелеп ортасында жүре беріңіз
АлтынБазарбаева-фэ
«Отбасы кундылыгы-бала тарбиеси» такырыбын мектепке дейинги тарбие маманы, жалпы билим беретин уйым кызметкери, ардагер устаз, дини кызметкер арасында хабарды жургизуши кери байланыска катысушыларды шакыра отырып, озекти сауалдар аркылы тарта отырып, такырыпты орбитти. Ата-аналарды мазалайтын сауалдарга касиби мамандар тарапынан кенес алу мумкиндиги жаксы уйымдастырылды. Рахмет
НурсулуКамбарова-ыь
Қайырлы таң, Қазақ елі!
"Түскі уақыт" бағдарламасы өзекті тақырыпты таңдапты.
Фариза ханымның қозғаған тақырыбы, бәрімізді бей- жай қалдырмады.
Сұхбатқа қатысқан білікті мамандардың сөздеріне толық қосыламыз.
Шәркүль ханымның жауаптары нақты әрі маңызды болды десек те болады.
Бала- тәрбиесі тал бесіктен, отбасынан басталады.
Ата- ананың атқаратын рөлі де ерекше.
Ия, , Шәркүль ханым, дұрыс айтасыз.
Баланың сырмен бөлісіп, балаға сенім білдіріп, әже - анасымен және ата- әкесімен дұрыс мәміле жасап, сырласып отыру керек.
Үйде ата мен әкеге үлкен құрметпен қарауға үйретілуі керек.
Мектеп- балабақшамен де тығыз байланыста болу керек .
Ұлттық құндылықтар мен салт- дәстүрлерді дәріптеп отыру керек .
Ата ана, бала, мұғалім арасында ынтымақтасық сабақтастық болғаны дұрыс.
Шәркүль ханымның пікірлеріне толық қосыламыз.Еліктеуден аулақ тәрбиелеу мақсатында, тағылымды тәрбиелі тәрбие жұмыстар өмір бойы жүргізілу керек.
Бала тәрбиесі -
баршаның ісі.
Осындай тақырыпты көбірек көрсетіп ата- аналар, мұғалім мен тәрбиешілер арасында маңызды тақырыптармен сөз қозғау қажет- ақ.
УлмекенКаратаева-ыб
Өте өзекті мәселе қозғалған. Әр маман өзінше керемет жауап берген. Рахмет сұхбаттарыңызға
АлтынайКлышбаева
Ваууу, Апатайым менің! Киелі Ордабасы ауданының құрметті де, білім саласындағы еңбегі орасан зор ғой Апатайымның тік айтады, нағыз союздің адамы ғой! Апамның сөзінен мұғалімдер, мен ерекше шабыт, рух алатынбыз, сұсты, білімді, қарапайым басшы бола білді... Шаркуль апайымның жолын берсін !!!!