Жат ағым жарға жығады. #дінислам #намаз #аллах #құран #намазоқу #ахирәт_дәрси #дінибілім #діндәстүр.

preview_player
Показать описание
Жат ағым, жарға жығады!

 الحمد لله رب العالمين والصلاة والسلام على سيدنا محمد وعلى آله وصحبه أجمعين، أما بعد

Аллаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын!
Асыл дініміз Ислам адамзатты бейбітшілікке, татулық пен бірлікке, ғылым-білімге, өзара мейірімділікке насихаттайтын дін. Алла Тағала қасиетті Құранның «Хужурат» сүресінің 13-аятында:

يَاأَيُّهَا النَّاسُ إِنَّا خَلَقْنَاكُمْ مِنْ ذَكَرٍ وَأُنثَى وَجَعَلْنَاكُمْ شُعُوبًا وَقَبَائِلَ لِتَعَارَفُوا إِنَّ أَكْرَمَكُمْ عِنْدَ اللَّهِ أَتْقَاكُمْ إِنَّ اللَّهَ عَلِيمٌ خَبِيرٌ
«Уа, адамзат! Сендерді Біз әуелде бір еркек, бір әйелден, бір ата, бір анадан өрбіттік. Өзара қарым-қатынас жасап, бір-бірлеріңді танысын деп түрлі ұлт пен ұлыстарға бөлдік. Алла Тағала алдындағы ең абыройлыларың – тақуа болғандарың. Шын мәнінде, Алла – барлық нәрсені толық білуші, барлығынан толық хабардар», – деп айтқан.
   Қазақ даласына Ислам діні келгеннен бастап халқымыз осы уақытқа дейін имам Матуриди ақидасын, имам Ағзам Әбу Ханифа мәзһабын ұстанып келді. Бұл олардың бірлікте болуына, адасып, түрлі жат ағымның жетегінде кетпеуіне басты себеп болды. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахабаларын әркез бірлікке үндеп, жік-жікке бөлініп, дұшпандық қылудан сақтандыратын. Хадис шәріпте:

      أُوْصِيْكُمْ بِتَقْوَى اللهِ عَزَّ وَ جَلَّ وَالسَّمْعِ وَالطَّاعَةِ وَإِنْ تَأَمَّرَ عَلَيْكُمْ عَبْدٌ فَإِنَّهُ مَنْ يَعِشْ مِنْكُمْ فَسَيَرَي اخْتِلاَفًا كَثِيْرًا فَعَلَيْكُمْ بِسُنَّتِي وَسُنَّةِ الخُلَفَاءِ الرَّاشِدِيْنَ المَهْدِيِّيْنَ

«Ұлық Алла Тағаладан қорқыңдар! Егер сендерге құл әмір болса да, оны тыңдаңдар және оған бойұсыныңдар. Расында, араларыңдағы көп өмір сүргендер көп ұрыс-керіске (фитнаға) тап болады. Сондықтан сендерге еш ауытқымай менің сүннетімді және дұрыс жолмен жүрген діндар халифалардың сүннетін ұстану керек», – деп айтқан (имам Термизи).   
Бұл хадисінде Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахабаларына дінді бұрмалаушы ағымдардың шығатынын ескертіп әрі олардан сақтанудың жолдарын баяндаған. Қазіргі күнде де әр мұсылманның дінінде берік болып, дінбұзар жат ағымдардың жетегінде кетуден сақтанып жүруі аса маңызды. Жат ағымның теріс насихатына ермес үшін  әрбір адам мынадай амалдарға назар аударуы тиіс:
Бірінші: Дінді білім арқылы тану
Жастарымыздың жат ағым жетегінде кетуінің ең басты себебі – діни сауатсыздық. Діни сауаты төмен адамның түрлі ағымдардың сөзіне еріп, алдауына көніп қалуы оңай. Алла Тағала ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) алғаш уахи етіп түсірген аяттарында:

اِقْرَأْ بِاسْمِ رَبِّكَ الَّذِي خَلَقَ . خَلَقَ الْإِنْسَانَ مِنْ عَلَقٍ . اقْرَأْ وَرَبُّكَ الْأَكْرَمُ . الَّذِي عَلَّمَ بِالْقَلَمِ . عَلَّمَ الْإِنْسَانَ مَا لَمْ يَعْلَمْ .

«Оқы! Сені жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол адамды ұйыған қаннан жаратқан. Оқы! Раббың аса ардақты. Ол қаламмен (хат жазуды) үйретті. Адамға білмеген нәрселерді білгізді», – деп оқуға бұйырды («Ғалақ» сүресі, 1-5 аяттар).
Бұл аяттардан оқудың, білім алудың дініміздің ең басты талаптары екенін ұғамыз. Жат ағым өкілдері діни сауаты төмен адаммен тілдескенде қасиетті Құранның астарлы мағынада келген аяттарын тікелей мағынада түсіндіріп не қате бұрмалап талдау жасау арқылы өз қатарына тартуға тырысады.
Сондықтан жат ағым жетегінде кетуден сақтанудың ең негізгі жолы – діни сауатты арттыру. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадис шәріпте:
طَلَبُ العِلْمِ فَرِيْضَةٌ عَلَىْ كُلِّ مُسْلِمٍ

«Білімді талап ету – әрбір мұсылманға парыз», – деп, білім алудың әрбір ер және әйел мұсылманға міндет екенін айтқан (имам Ибн Мәжа).
Демек діни сауат ашуды қалаған адам немесе көкейіндегі сұрағына жауап алғысы келген кісі діни мағлұматты интернет желілеріндегі белгісіз тұлғалардан емес, мешіт имамдарынан сұрағаны, бекітілген ұстаздардан үйренгені аса маңызды.
Жат ағым – адам денесіндегі дерт іспетті. Қай жерде әлсіздік болса, қай жерде сақтану, алдын алу шарасы болмаса, сол жерді дерт меңдейді. Сондықтан әр азамат дұрыс діни ақпараттармен өзінің білімін күшейтіп, дінді сенімді қайнар көздерінен үйреніп, рухани сүзгі қалыптастырса, теріс ағым ықпалынан сақтана алады.
Екінші: Бірлікте болу
Біз – «Әһлу сүннет уәл-жамағат» жолын, Матуриди ақидасын, имам Ағзам Әбу Ханифа мәзһабын ұстанып келе жатқан халықпыз. «Әһлу сүннет уәл-жамағат» деп ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннеті мен мұсылман жамағатымен бірге жүретін мұсылман үмбеті деген мағынаны білдіреді. Алла елшісі хадис-шәріпте:

«Шын мәнінде, менің үмбетім адасушылықта бас қоспайды. Егер қарама-қайшылық көрсеңдер міндетті түрде қара топпен (яғни көпшілікпен) бірге болыңдар», – деген.
Әһлу сүннетте екі ақида мектебі бар: Матуриди және Әшғари. Ал фиқһта 4 мектеп бар: Ханафи, Мәлики, Шафиғи және Ханбали. Жер бетіндегі барша мұсылманның басым көпшілігін 4 мәзһабтан тұратын сүнниттер құрайды.