6 жыл жылуға жарымаған кешенге жылу желісі жүргізіліп жатыр

preview_player
Показать описание
Таразда 6 жыл қыста бүрсең қаққан музей қызметкерлері биыл әупірімдеп жүріп, жылуға қол жеткізбек. Өйткені әкімдік әйгілі «Шахристан» кешенін жылу желісіне енді жалғап жатыр. 5 ғимараты бар кешен әу баста күн қуатымен жылынуы тиіс еді. Алайда инновациялық жобаның соңы сұйылып тынған. Жауаптылар 6 жыл «жылу тарту қажет я қажет емес» деп жүргенде, қыс түскенде 100-ге жуық маман тоңып, бүрсеңдеп келді. Жылу желісінің құрылысы қалай жүруде? Нұрлан Асқар тақырыпты талдап береді.

#AtamekenBusiness #Inbusinesskz #НовостиКазахстана