Олимпидада топ жарған қазақстандықтарды қандай сый-марапат күтіп тұр?

preview_player
Показать описание
---------------------------------------------

Бүгінгі шығарылымда:
Париж Олимпиасында олжа салған спортшыларға жергілікті биліктің қанша қаражат беретіні белгілі болды. Бұл тек мемлекеттен тағайындалар сый-сияпат. Бұдан бөлек сүйінші жаңалыққа жомарт жандардың байғазысы бар. Мәселен ел мерейін асырып, Олимп шыңын бағындырған Елдос Сметовке ақтөбелік кәсіпкер 100 бас жылқы атады. Айта кетер жайт ерекше жанкүйер болған жандар да тосын сыйға тап болды. Әріптесім Нұрадин Рақай тосын сыйлар топтамасын біліп келді.
Биылғы Олимпиада ойындарында 205 елдің 10 мыңға жуық спортшысы 329 медаль жиынтығын сарапқа салуда. Жеңіс үшін жан берісіп, жан алысып жатқан тек спортшылар емес. Теледидар алдында өрендеріміздің тілеуін тілеген жанкүйерлер де көп.
Елдос Сметовтың жеңісіне қуанған бұл азамат тараздық. Парижге барса қолдап татамиге шығардай ескі теледидарды төмпештеген тұрғын жан-тәнімен айқайлайды. Мұнысын Олимппиада чемпионы атанған Елдостың өзі татамиде естігендей болдым деп әзілдеді.
Бүгін ерекше жанкүйерге Елдос Сметов тосын сый жасап, су жаңа теледидар тарту етті. Ал Ақтөбелік кәсіпкер тарихи жеңіске жеткен балуанымызға телефон соғып, 100 жылқыны чемпионның алдына айдап апаратынын жеткізді. Айта кетер жайт бабы келгенмен бағы шаппай жүлдесіз қалған спортшыларға да елдің ықыласы зор. Меселі басылмасын деген ниетпен мәрт азаматтар жарыс жолынан шыққан спортшыларға сый құрметін көрсететін айтуда. Мәселен дзюдошы Әбиба Әбужақыноваға кәсіпкер стипендия тағайындайтынын жеткізді. Ал жергілікті әкімдік жерлес спортшыларға берілер сыйақысын белгілеп қойған. Қаражат әр аймақта әр түрлі.
НҰРЖАН ЖОЛДАСБЕКОВ, Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары:
– Олимпиада ойындарында 1-ші орын иеленген үшін 727 АЕК яғни 2 млн 684 мың теңге көлемінде ай сайынғы ақшалай жабдықталым келесі олимпиада ойындарына дейін беріледі. Сонымен қатар облыс әкімдігі тарапынан олимпиадалық параолимпиадалық чемпиондары мен жүлдегерлеріне 1-ші орын иеленгені үшін 3 бөлмелі пәтер беріледі.
Күміс, қола жүлдегерлеріне де ақша мен пәтер беріледі. Тек бөлмесі мен қаржысы сәл аздау көлемде. Жаттықтырушысына да жалақы тағайындалады. Ал Спорт министрлігі тарапынан алтын алған спортшы мен бапкеріне бір реттік 250 мың доллар ақшалай сыйақы тағы бар. Айта кетейік, қоржынға алтын мен қола жүлде салған Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаевтың арқасында Қазақстанның балуандары дзюдо рейтингісінде екінші орында тұр. Парижде өтіп жатқан дүбірлі додада ел құрамасының еншісінде бір алтын, екі қола медаль бар. Әзірге жарыс жолына шығып жатқан спортшыларымыз жүлдеге ілікпеді. Әсіресе, үміт артқан үш боксшымыз алғашқы айналымнан ары аса алмады. Тек Сәкен Бибосынов, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, Айбек және Нұрбек Оралбайлар ғана келесі кезеңге өтті.

---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:

#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық
Комментарии
Автор

Керемет жомарт жандарга Алла жар болсын!🇰🇿🙏🫶

АжарКойлыбаева
Автор

Алла берекесін жақсылығын берсін, Елдос оданда жақсы силиқаттарға лайықты спортсмен, Жарайсың Қазақтың батыры,

SabitBaisov
Автор

Елдос бауырымыз шыққвнда, отбасымызбен дұгада отырдық тілеуін тілеп отырдық. Шукір жеңісіңнің жемісін көр💪👍🥇

Гульзи-юл
Автор

Көрелмайтын іші тар қазекендер осылай табалайтының біліп едік, жағдайы жоқтарға жандары аши қалады.

АЗИЯ-зл
Автор

Әрине бұл жақсы кәсіпкерлерге алғыс шексіз.Дегенмен спортшы аш жолбарыс секілді болуы керек.Жеңілсе де қомақты сый әр кез күтіп тұрса спортшыда жанкештілік болмайды.Әрине спортшы болмаған адамға пікір жазу өте оңай.👆🖐

favoritshop
Автор

100 жылқы берген кәсіпкерге Алла 1000 жылқы береді табысы мол берекелі болады.Өған Алла разы болсын. Елдостың еңбегі бар.Қаншама жылғы төгілген тер, от басында болмаған уақыт, бармаған тойлар

АсетОстемирова-ху
Автор

Басқаның ақшасын санамаңдар, қайдан білесіңдер ол кісінің қандай жақсылық жасап жатырғанын

Qaznobas
Автор

Елдол акылды жигит сол 100 жылкыныны муктаж адамдарга берет сенемин
.

Lisa_mon_
Автор

Патриот акимдер де, кәсіпкерлер де бар екен ғой.Рахмет.

ХатираСатилдиева
Автор

Ердің құны жүз жылқы деген бере берсін еңбегі бар құтты болсын

Муфтулла
Автор

Елдос батырымыз 100, 000 жылқыға да лайық.Жеңісің құтты болсын.Бірақ ақтөбелік кәсіпкер сол жүз жылқыны кедей кепшікке баняда, контейнерде өмір сүріп жатқан екі отбасына пәтер әперсе сауабы жеті ұрпағына жетер еді.Мына жерде көре алмай жатсыңдар ма деп жатқан топас, надан, қараңғыларға айтарым әркім өз пікірін айтады.Елдосты өкімет те мықты меценаттар да сыйлықсыз құр қол қалдырмайды.

ҰлыЖүзТараз
Автор

Бергенге Алла разы болсын. Ұрпақтары мың жасасып. Елінің мақтанышы болсын. Аллам берген қолына еселеп уйіп төксін. Кімге 100 береді 1000 береді ма 😊 әкем айтқандай өзінікі өзі біледі. Берген екен Аллам сізге уйіп төксін. Қуанышка шашылыңыз аға. Аман болыңыз🤲🤍

РабияОраз-от
Автор

100 аз 1000 беретін едім әттең қолымда емес❤

DaUl-bpou
Автор

Байдың асын байғұзҚЫЗҒАНАДЫдеуші ме еді берсін Елдос өзі сияқты бірнеше баланы тəрбиелеп шығатын бай бапкер болатын шығар мүмкін.Ылайым солай болса екен деп тілейік.👍👍👍

ЖанатМахтиев-нл
Автор

Алла барлығыңыздың ырыс, несібеңізді мол етсін. Дегенмен өзің бере алмайсың, бергенді көре алмайсың болмайық. Алла сіздерді де ұрпақтарыңызды чемпион қылғай аумин 🤗😇🤍💯🤲

РабияОраз-от
Автор

Осы Әлем чемпионатында орын алғандарға тук бермейді? Ұлым 15 жаста, былтыр Европаның Рига қаласынан әлем чемпионатында көк байрағымызды желбіретіп 1🥇 орын алды, укімет тарапынан да, аудан әкімінен де марапат алмады. Әлем чемпионатынын жарыстары неге бағаланбайды бізде

Гульзи-юл
Автор

Елдос Бауырым Жеңісің құтты болсын Денсаулығың мықты болсын Əлемнің 3 дүркін Чемпионы бол Сəттлік түлеимін Саған

АзизаЖапар-шн
Автор

Алтын аганга 250мын доллар бериледи деп тургои тагы😮

Ескер
Автор

Алланың берер несібесі мол болсын! Ал адамдар өздері біледі! Отанымыз тыныш! Отбасың аман болсын! Елдос бауырым! Балдарың өзің сияқты, Жүлдемен! Жеңіспен оралатын Азаматтар болып өсе берсін!!! Сенің Жеңісті жолыңды берсін!

БотакозИсабекова-зм
Автор

Бергиш болсандар неге кедейлерге, жетимдерге, ауратын адамдарга бермединдерме

АйданаТасмуханова