filmov
tv
9 сынып БЖБ ХИМИЯ 1 ТОҚСАН 2БӨЛІМ
Показать описание
9 сынып БЖБ ХИМИЯ 1 ТОҚСАН 2БӨЛІМ
«Бейорганикалық қосылыстардың сапалық талдауы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
1. Отшашуларда әр түрлі түстерді шығару үшін металдардың тұздарын қолданады. Жалынның боялуы «Құрғақ тәсіл» әдістерінің бірі металл катиондарына сапалық реакция болып табылады. Берілген суреттегі отшашудан Na+, Ba2+, Ca2+ иондарының түстерін анықтаңыздар:
2. Химиялық стақандарда Cu2+, Fe3+ және Fe2+иондарының тұз ерітінділері берілген. Стақандардағы тұз ерітінділеріне бірнеше тамшы NaOH ерітіндісін тамызғанда тұнба түзіледі. Cu2+, Fe3+ және Fe2+ тұнбаларының түстерін анықтаңыз:
3. Ұсынылған иондарға сапалық реакцияны анықтайтын реагенттер мен қысқартылған иондық теңдеулерін жазыңыз және түрлі - түсті қаламдарды пайдалана отырып реакция нәтижесінде байқалатын өзгерістерді бояңыз:
4. Зертханада белгісіз заттың сулы ерітіндісі дайындалды. Алынған ерітіндіге бірнеше миллилитр натрий гидроксидінің ерітіндісін және алюминий фольгасының бірнеше бөлігін қосып, алынған қоспаны спиртшам жалынының үстінен қыздырды. Нәтижесінде өткір иісі бар газ пайда болды. Ылғал қызғылт лакмус қағазын бөлінген газы бар сынауыққа салған кезде көк түске боялды. Белгісіз құрғақ заттың бір бөлігін жанарғының жалынына апарғанда жалын сары-жасыл түске боялды.(i) Сапалық талдау нәтижесінде анықталған затты анықтаңыз.
(ii) Тұздың формуласы және атауы: __________________________________________Берілген ерітіндідегі катионды қандай сапалық реакцияның көмегімен анықтауға болатынын көрсетіңіз?
5. Құрамында 11,1 г кальций хлориді және 35 г қорғасын (ІІ) нитраты бар екі ерітіндіні қосқанда түсетін тұнбаның массасын есептеңіз:
#БЖБ #ХИМИЯ #9СЫНЫП #катион #анион #жалын #тұнба #сапалықталдау #сапалық #аналитикалықхимия #БЖБХИМИЯ