Судьялыққа үміткерлерден емтихан қабылдайтын комиссияның құрамы жаңарды

preview_player
Показать описание
Елімізде судьялыққа үміткерлерден емтихан қабылдайтын біліктілік комиссиясының жаңа құрамы бекітілді. Оған ғылыми орта, прокуратура, әділет органдарының өкілдері, адвокатура мен қоғам белсенділері мүше болды.

Бұл мәселелер Жоғарғы сот Кеңесінің отырысында қаралды. Жиында сондай-ақ судьяларды іріктеу жүйесін жетілдірумен айналысатын Кадр резервін қалыптастыру және оның жұмысын ұйымдастыру тетіктері қаралып, соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес туралы ереже бекіді.