Алиса айнаның арғы бетінде - фильм жайында түсірілген фильм

preview_player
Показать описание
26 мамырда Қазақстанның үлкен экрандарына Disney студиясының «Алиса айнаның арғы бетінде»/«Алиса в Зазеркалье» атты қазақ тіліне дубляждалған кезекті фильмі шығады. Алиса Ессіз Қалпақшыны құтқару үшін өткен шаққа саяхатқа аттанып, Жер астының хикметті әлеміне қайта оралады.

Туындының режиссері Джеймс Бобин, Тим Бертонның «Ғажайып әлемдегі Алиса» фильмінде құрған өзгеше әлемге өзінің ерекше көзқарасын енгізді. Ал, фильмнің сценариін Льюис Кэролл ойлап тапқан кейіпкерлер негізінде Линда Вулвертон жазып шыққан.
Қазақша дубляждың режиссері болып, бұған дейін «Джунгли кітабы», «Күлбике», «Малефисента» фильмдерінің, «Көліктер 2» анимациялық мультфильмінің және басқа да туындылардың аудармаларында атсалысқан Айжан Жамшитова қатысты.
Дубляж отандық, кәсіби «Aray Мedia Group» дыбыс жазу және дубляждау студиясында жүргізілген, соңғы жинақтау Лондон қаласындағы «Shepperton» студиясында жүзеге асырылды.
Дубляжға жиырмадан астам қазақстандық актерлар қатысты. «Алиса айнаның арғы бетінде»/«Алиса в Зазеркалье» фильмінің басты кейіпкерлеріне өз дауыстарын: Назерке Серікболова (Алиса Кингсли), Нартай Сауданбекұлы (Уақыт), Дәурен Серғазин (Қалпақшы Таррант Хайтоп), Айнұр Бермұхамбетова (Ирацебета), Сәнді Қаршалова (Мирана), Майра Омар (Хелен Кингсли), Данияр Сванқұлов (Хамиш), Бекболат Құрманғожаев (Вилкинс), Сағаділдә Үсіпбалиев (Заник Хайтоп), Бейбіт Құсанбаев (Мактвисп), Қымбат Тілеуова (Мальямкин), Шах-Мұрат Ордабаев (Тэкири) сыйлады.

Жобаның ұйымдастырушылары: «Болашақ» Қауымдастығы, «Меломан» компаниясының қолдауымен.
Жоба демеушілері: «Bank RBK» АҚ, «Exclusive Strоy» ЖШС.

Мекен-жайы: Астана қаласы
36 көше, 21үй, ВП9.
Телефондар: +7 7172-99-70-70
+7 7172-99-75-70
+7 701-099-71-71
Рекомендации по теме
welcome to shbcf.ru