«Алтын сапа» мен «Қазақстанның үздік тауары» байқауларына өтініштер қабылданады

preview_player
Показать описание
Шара 1-ші шілдеге дейін жалғасады. Биыл «Қазақстанның үздік тауары» байқауының жеңімпаздарын ғаламтор желісінде дауыс беру арқылы анықтау ұсынылып отыр.

Айта кетейік, 2001 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келе жатқан өңірлік көрме-байқауына 5 мыңнан астам компания қатысып, 115 кәсіпорын дипломат атанған. Ал «Алтын сапада» 1600 мекеме бақ сынап, оның 74-і Президенттік премияны иеленді.

Мемлекеттің қатысу үлесі 50 пайыздан асатын компаниялар байқауға жіберілмейді.

Нұржан Әлтаев, «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары:

-Егер кәсіпорын біздің «Алтын сапа» байқауына қатысып, егер шығарып отырған тауарын өте жоғары деп бағалайтын болсақ, сол мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың сатып алуында оған бір басымдық берілсе деген ұсыныспен біз қазір Президент әкімшілігіне шығып отырмыз.
Рекомендации по теме