О.Ковитиди: Астана процесінде сириялық жанжалды бейбіт жолмен шешудің негізі қаланды

preview_player
Показать описание
Астанада өткен келіссөз Сириядағы қақтығыстарды тоқтатуға мүмкіндік берген қадамдардың бірі. Мұны қазір әлем елдеріндегі саясаттанушылары мойындап отыр.

«Қазақстан Сирия мәселесін реттеуге тараптардың сөз алмасуына қолайлы жағдай жасады». Халықаралық сарапшылар осылай дейді.

Ольга Ковитиди, Қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі Федерация Кеңесінің Комитет мүшесі

-Қазақстан ұсынған үнқатысу алаңында сириялық жанжалды бейбіт жолмен шешудің негізі қаланды. Бұл үлкен жұмыстың басы. Әлемдік тәртіпті нығайту үшін, балаларымыздың болашағы үшін осы саяси процесті аяғына дейін жеткізу қажет.

Хуа Чуньин, ҚХР СІМ ресми өкілі

-Бұл кездесу келесі жолы Женевада өтетін бейбіт келіссөздің жемісті болуына оң ықпал етеді деп сенеміз. Біздің ойымызша Сирия қақтығысын тоқтатуға байланысты үміт пайда болды. Қытай барлық тараппен жұмыс істеуге дайын.

Дмитрий Левусь, сарапшы

-Қазақстан билігі Таяу Шығыстағы мәселелердің шиелініске толы екенін білді. Мәселен, сыртқы істер жөніндегі ведомствоның өкілі сириялық оппозицияның біркелкі ұстанымы жоқ екенін айтты. Дегенмен дипломаттар оларды бір үстел басына жинап, келіссөздерді кедергісіз өткізе алды.